Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұздағы ЖЭО-ың жылу желілері мен жабдықтарын жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұздағы ЖЭО-ың жылу желілері мен жабдықтарын жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Қазіргі кезде Екібастұз ЖЭО-да газ құбырлары мен түтін мұржасын жөндеуге кірісті. Жұмыстардың бірінші кезеңінде аралық біліктерді орнату, газ құбырларын бөлшектеу, төбелерді жөндеу, қабырғаларды орнату және № 6, 7, 8, 9 қазандық агрегаторларының газ құбырларын қалпына келтіру жүргізіледі. Кейін № 3 түтін мұржасын жөндеу басталады. Осы жұмыстар барысында ішкі астарын жаңарту, қышқылға қарсы өңдеу, сыртқы жабынды жөндеу, бетон қабатын қалпына келтіру, жарық қоршауларын ауыстыру және т.б. жұмыстар атқарылады.

Кеншілер қаласында жылумен қамту желілерінің де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Екінші жылу магистралінде ұзындығы 853 м құбыр мен 6 жылу камерасы бөлшектеліп, жаңа құбырларды орнату үшін топырақ қабаты төселіп жатыр; 5-ЖМ-де 2,4 км желілер, 2 орнықты және 24 жылжымалы тіреулер бөлшектелді; 8-ЖМ-де 1,2 км ескі құбырлар бөлшектеліп, жаңа желілердің монтажына кірісті, d530 216 метр құбырларды орнату жүргізілді; 12-ЖМ-де 1,8 км тозған құбырлар бөлшектелді, 3 орнықты тіреулер орнатылды және диаметрі d530, ұзындығы 598 метр жаңа құбырдың монтажы жүргізілді.

Сонымен бірге, гидравликалық сынақтардан кейін анықталған ақаулар жойылып, жылу желілері жаңартылып жатыр. Қазіргі кезеңде анықталған 269 ақаудың 220-сы жойылды, осы жұмыстың барысында 12 км желі құбырлары толығымен ауыстырылды.

Аймақ басшысы желілерді жөндеу жұмыстарының қарқынын баяулатпай, оларды 12 маусымға қарай аяқтап, Екібастұз тұрғындарына жылдамдатып ыстық су беру керек екенін атап өтті.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев