Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласын абаттандыру жұмыстарын тексерді

Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласын абаттандыру жұмыстарын тексерді

Өңір басшысы жұмыс сапарын Красноярская көшесі, 50 мекен-жайындағы ауладан бастады. Мұнда биыл жаңа балалардың ойын алаңы орнатылды. Осы үйдің тұрғындары бұған дейін бірнеше рет жергілікті билікке өз аулаларын абаттандыру мәселесі бойынша жүгінген болатын. Өткен жылы олардың өтініші бойынша алаңды жобалау басталды.
Биыл қалада барлығы 150 аула абаттандырылады. Жұмыстар 3 кезеңмен жүргізіледі. Бүгінгі таңда Павлодардың 57 ауласында дайындық жұмыстары жасалды. Алаңдардың орны дайындалып, жақын арада ойын элементтері орнатылады. Әкім барлық жұмыстарды сапалы жүргізіп және 2023 жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Спорт алаңдарының құрылысы да жалғасуда. 15 маусымға дейін 20 стритбол алаңы орнатылады. Қазір 15 аулада жұмыстар аяқталды. Бүгін Асайын Байханов Российская көшесі, 22 үйінің ауласында болып, осы жұмыстар аяқталған жерде тұрғындармен жүздесіп және олардың орындалған жұмыстарға қанағаттанғанын білді. Стритбол алаңынан бөлек, мұнда тұрғындардың өтініші бойынша егде жастағы адамдардың бос уақытына арналған үстел мен орындықтар орнатылды, жылумен жабдықтау желілерінде орын алған ақауларды жойғаннан кейін асфальт жабынын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді, ағаштардың бұтақтары кесілді. Осы көше бойындағы 6 көпқабатты үйдің тұрғындары барлық атқарылып жатқан жұмыстарға қанағаттанып отырғанын жеткізіп, алайда, балаларға арналған ескі ойын алаңын жаңартып, зейнеткерлік жастағы адамдардың спортпен айналысуы үшін көше тренажерларын орнатуды сұрады. Өңір басшысы қала әкіміне мәселені зерделеп, оларды 2023-2024 жылдары орнату мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл балабақшалардың аумағын асфальттау жұмыстары басталды. Бұл мәселе бойынша қала тұрғындарынан көптеген өтініштер келіп түсті, көптеген бала бақшаларда асфальт жабыны ондаған жылдар бойы жаңартылмаған. Асфальтты ауыстыру жұмыстарын 43 мектепке дейінгі мекемеде жүргізу қажет. Биылғы жылы 30 бала бақшаның ауласында асфальт жабынын жаңарту жоспарланған. Жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр, оларды шілде айының соңына дейін толықтай аяқтау жоспарлануда.
Асайын Байханов №12 бала бақшада жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді. Жұмыс сапасы мен қарқынымен танысу қорытындысы бойынша өңір басшысы биыл қалған 13 бала-бақша бойынша шығындарды үнемдеу есебінен жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Осылайша, 2023 жылы облыс орталығының мектепке дейінгі мекемелерінде асфальт жабындары 100% жаңартылады.

Сондай-ақ, биыл қала көшелерінде бұрын асфальт жабыны болмаған немесе толық жаңартуды қажет ететін жаяу жүргіншілер жолдарын салу жалғасуда. Биылғы жылға жоспарланған жұмыстар көлемі 13,9 шақырымды құрайды. Жұмыстар 16 учаскеде жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда олардың 8-і аяқталды, 5 учаскеде жұмыстар жүріп жатыр және жақын арада мамандар қалған 3 учаскеде жұмысқа кіріседі.
Облыс әкімі бұл қала тұрғындары үшін қолайлы орта құрудың маңызды бөлігі екенін атап өтіп, ыңғайлы өтпелердің құрылысына және оларға тегіс көшуді ескере отырып, жиек тастарды жайлы етуге назар аударуды тапсырды.

Жаңа асфальт бұрын топырақ жамылғысы болған жеке сектордың 55 көшесінде де пайда болады. Бүгінгі таңда жұмыстар 18 учаскеде аяқталды. Қазіргі Затон ауданындағы шағын аллеяларда жұмыс жүріп жатыр, содан кейін бригадалар Горторг шағын ауданының көшелерін асфальттауға кіріседі. Жалпы жұмыс көлемі 35 км-ді құрайды.

Сонымен қатар, өңір басшысына жаңа тазалау техникасы таныстырылды. "Холдинг-Транс-Павлодар" ЖШС 4 вакуумдық жинау жүк көлігін сатып алды. Жаңа мамандандырылған техниканың жұмыс принципі қала тұрғындары жиі шағымданатын шаң-тозаңды көтермей көшелерді тазалауға мүмкіндік береді. Көліктердің көлемі 1,5 шаршы метр арнайы су ыдысымен, қоқыс жәшігімен, шаң жинағышпен және т.б. құралдармен жабдықталған.

Жұмыс сапарының соңында Асайын Байханов "Қымыз мұрындық" мерекелік іс-шарасына қатысты.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев