Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде

31 жыл бұрын - 1992 жылы 4 маусым күні еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде бекітілді.

Бүгінде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері әлемге танымал және еліміздің әрбір тұрғынының өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ту, Елтаңба және Әнұран қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихымызға, мемлекеттік тілімізге, мәдениетіміз бен дәстүрімізге терең құрметті қалыптастыру көзіне айналды.

Барлық павлодарлықтарды мерекемен құттықтаймыз. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!