Облыс әкімі Асайын Байханов азаматтарды жеке қабылдады

Облыс әкімі Асайын Байханов азаматтарды жеке қабылдады

Өңір тұрғындары аймақ басшысына денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, инфрақұрылым мәселелері бойынша өтінішпен келді. Жергілікті атқарушы билік пен құқық органдарының жұмысы да өзекті тақырып болды.

Мәселелердің көпшілігі шешімін тапқанымен қосымша уақыт пен нақтылауды, оның ішінде орталық мемлекеттік органдармен талқылауды қажет ететін сауалдар бар.

Кез-келген шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес негізделуі тиіс екенін түсінген маңызды. Сонымен бірге, жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілер тұрғындардың өтініштерін сөз бұйдаға салмай, тиімді шешім қабылдаулары тиіс.

Жеке қабылдауда айтылған барлық мәселелер мен ұсыныстар жұмысқа алынды және аймақ басшысының бақылауында тұр