Өңір басшысы Асайын Байханов Екібастұз қаласындағы жылу желілері мен ЖЭО жөндеу науқанының барысын тексерді

Өңір басшысы Асайын Байханов Екібастұз қаласындағы жылу желілері мен ЖЭО жөндеу науқанының барысын тексерді

Кеншілер қаласында жылу желілерін жөндеу және жаңарту бойынша ауқымды жөндеу науқаны басталды. 4 жылу магистралінде құбырлар толықтай ауыстырылады. Мердігерлер барлық учаскелерде жұмысқа кірісті.

Орамішілік желілердің зақымдалған учаскелерін де жөндеу жалғасуда. Бүгінгі таңда анықталған 269 ақаудың 84-і жойылды. Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде.

Екібастұз ЖЭО-да ауқымды жұмыстарға дайындалуда. Қазір станцияда күрделі жөндеуден өтетін қазандықтар тазалануда. 10 мамырға дейін 3 су жылыту қазандығын тазалауды аяқтау жоспарлануда, содан кейін оларды бөлшектеу жұмыстары басталады. Жылу беру маусымы басталғанға дейін барлығы 8 қазандық агрегаты жөнделеді. Күрделі жөндеу кезінде негізгі қыздыру жабдықтарын, түтін сорғыш құрылғылар және басқа да элементтер ауыстырылады.

Облыс әкімі станцияда барлық қажетті жұмыстарды уақтылы, бірақ, сапалы жүргізу аса маңызды екенін атап өтті.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев