Өңір басшысы Асайын Байханов жеке сектор көшелерін асфальттау және облыс орталығының жылу желілерін жөндеу жұмыстарын тексерді

Өңір басшысы Асайын Байханов жеке сектор көшелерін асфальттау және облыс орталығының жылу желілерін жөндеу жұмыстарын тексерді

Павлодарда жеке сектордың көшелерінде асфальттау жалғасуда. Биыл осы жұмыстар бұған дейін асфальт болмаған 55 көшеге төсеу жоспарлануда. Осы аптаның соңына дейін Радиозавод ауданындағы жұмыстарды аяқтап, Лесозавод ауданына көшеді. Осылайша, қаланың осы аудандарындағы жолдар 100% асфальтталады.

Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тозығы жеткен желілердің кесірінен бірнеше жыл бойы жылуға жарымай отырған тұрғын үй учаскелерінің тізімі жасалды. Барлығы 65 үй қосылған 41 учаске анықталып, мұнда екі құбырлы (беру/қайтару) 5 км-ге дейін желілер толық ауыстырылады. Өңір басшысы Торайғыров, 95/1 және Геринг, 7 учаскелерінде болып, жұмыстардың барысымен танысты. Жөндеу бригадаларында қажетті материалдар мен жабдықтар бар.

Асайын Байханов коммуналдық қызметкерлерге жұмыстарды сапалы жүргізіп, 5 маусымға дейін аяқтау міндетін жүктеді. Осы мерзімге дейін сынақтар қорытындысы бойынша ақаулардың 90%-ы жойылып, үйлерге ыстық су берілуі тиіс.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев