Облыс әкімі Асайын Байханов кеншілер қаласында жөндеу науқаны кезінде ыстық судың болмау мерзімін дәл анықтауды тапсырды

Облыс әкімі Асайын Байханов кеншілер қаласында жөндеу науқаны кезінде ыстық судың болмау мерзімін дәл анықтауды тапсырды

Бұл кезең әрбір жеке шағын аудан үшін 2 айдан аспауы тиіс.

Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін Екібастұзда магистральдық және орамішілік жылу желілерінің гидравликалық сынақтары өтеді. Осыдан кейін коммуналдық қызметтер барлық анықталған ақауларды жөндеуге кіріседі.

Бүгін өңір басшысы «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС-ің өкілдерімен кездесті. Асайын Байханов Екібастұз қаласының әкімдігі мен «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС-ің басшылығына жөндеу жұмыстарының нақты жоспарын әзірлеп, қала тұрғындарына жұмыстардың барысы мен оларды жүргізу мерзімдері туралы хабардар етуді талап етті.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев