Биыл 130 аула абаттандырылады

Биыл 130 аула абаттандырылады

Аулаларға асфальт төселеді, жарықтандырылады және балалар мен спорт алаңдары орнатылады. Оған қоса 18 ауланы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша абаттандырады. Сондай-ақ, өңірде саябақтарды да жөндеу жалғасады, жаңа 20 спорт алаңы пайда болады. Осы және басқа да мәселелер облыс әкімдігінде өткен жиналыста талқыланды.

Сәуір айында облыста тазалық және абаттандыру марафоны өтеді. Облыстың коммуналдық қызметтері қалалар мен ауылдарды санитарлық тазалау, стихиялық полигондарды жоюға және аумақтарды абаттандыруға кірісті. Бұған кәсіпкерлер, қызмет көрсететін ұйымдар белсенді қатысуды жоспарлап отыр. Өз нысандарын (дүкендер, кеңселер және т. б.), үйлерді, подъездерді ретке келтіру – бұл әркімнің қолынан келетін іс.

Өңір басшысы қалалар мен аудан әкімдеріне тұрғындардың өтініштері мен тілектерін ескере отырып, бірінші кезекте абаттандыруды қажет ететін аумақтарды анықтау керектігін атап өтті. Сондай-ақ, Асайын Байханов қалалар мен ауылдарды көгалдандыруға назар аударып, әкімдерге ағаштарды отырғызу, суару және күтім жасау тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев