Бүгін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов VIII шақырылған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясына қатысты

Бүгін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов VIII шақырылған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясына қатысты

ҚР Конституциясының 3-бабында биліктің бірден-бір бастауы халық екені және оны еркін сайлау арқылы жүзеге асыратыны айтылған. Жаңа депутаттар аралас сайлау жүйесі бойынша - партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша сайланды, бұл, әрине, барлық азаматтардың құқықтарын толық есепке алуға мүмкіндік берді.

Осылайша, облыстық мәслихат құрамына 6 саяси партиядан 16 депутат және бір мандатты сайлау округтері бойынша 16 депутат кірді. Олар өнеркәсіптік кәсіпорындардың, аграрлық сектордың, құрылыстың, бизнестің, әлеуметтік саланың өкілдері. Өңір басшысы депутаттарға облыс тұрғындарының – сайлаушылардың сенімін ақтауға үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

- Сіздердің сайлауалды бағдарламаларыңызды іске асыру, сайлаушылардың ұсыныстары мен талап-тілектерін орындау, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеу жұмыстардың басым бағыттарына айналуы тиіс. Депутаттардың қызметі сессиялар, тұрақты комиссиялар және жеке қабылдаулар шеңберімен шектеліп қалмауы тиіс, ол маңызды және нәтижелі істерді атқарумен байланысты болуы тиіс. Бәріміз бірлесіп алдағы уақытта Мемлекет басшысының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары бойынша берген тапсырмаларын орындау үшін жұмыстарды іске асыруымыз керек, - деді Асайын Байханов.

Сөз соңында әкім жаңа шақырылымға табысты және жемісті жұмыс тіледі.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев