Ардақты да аяулы арулар!

Ардақты да аяулы арулар!

Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ең асыл, сүйіспеншілікке толы, керемет күнде біздің қымбатты және сүйікті әжелерімізге, аналарымызға, жұбайларымызға, қыздарымыз бен әпкелерімізге күн сайынғы еңбегі мен адалдығы, қамқорлығы мен жанашырлығы үшін ризашылық пен құрметімді білдіргім келеді.

Ертіс-Баян өңірінің әйелдері әрқашан белсенді өмірлік ұстанымымен, орасан зор еңбекқорлығымен ерекшеленді. Аймақтың дамуына айрықша үлес қосып, еліміздің жетістікке жетуіне Сіздер де себепкер болып келесіздер.

Құрметті нәзік жанды ханымдар!

Осынау жарқын мерекемен құттықтай отыра, Сіздерге шынайы әйел бақытын тілеймін.

Көктемнің алғашқы күндерімен үйлеріңізге бақыт пен махаббат, береке мен шаттық енсін. Сіздерге кең дүниенің барлық жақсылығы мен мейірімділігін тілеймін.