Екібастұздағы апатпен күрескен мамандар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан марапатталды

Екібастұздағы апатпен күрескен мамандар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  атынан марапатталды

Бүгін еліміз Алғыс айту күнін атап өтуде. Мемлекет басшысы Екібастұздағы техногендік апатты жоюшылардың еңбегін алғыстармен және жоғары наградалармен атап өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен жөндеу бригадаларының 27 қызметкері мен еріктілер марапатталды. "Ерен еңбегі үшін" медалі 19 слесарь-жөндеуші, электр газбен дәнекерлеуші мен сантехник мамандар марапатталды.

Асайын Байханов Мемлекет басшысының атынан қызметкерлерге көрсеткен апат кезінде көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті , сондай-ақ Екібастұз қаласының тұрғындарына биылғы қыстың қиын жағдайындағы шыдамдылықтары мен төзімділіктері үшін, еріктілерге, қаладағы штаттан тыс жағдайды жоюға қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған "Зуев" ЖК-ің сантехнигі Владимир Зуев жауап сөзінде ТЖ туралы естігеннен кейін бірден әкімдікке келіп, ең қиын учаскеге жіберуді сұрағанын айтты.
- Апаттың алғашқы күндерінен мен М. Жүсіп пен Сәтбаев көшелерінде жұмыс істедім. ТЖ кезінде көптеген тұрғындар өзара жұмылып, татулығын көрсетті болды, бұл апатқа төтеп беруге көмектесті, - деді Владимир Сергеевич.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған #1 МАЭС-ің электргазбен дәнекерлеушісі Данияр Әлкенов апатты жоюшылардың еңбегін жоғары бағалағаны үшін алғысын білдірді.
- Техногендік апаттың алғашқы күндерінен бастап және оны жою барысында біздің бригадалар көпқабатты үйлердегі жылуды тәулік бойы қалпына келтірумен болды. Мұздатылған үйлердің жертөлелеріндегі құбырларды жылытып, сумен жабдықтау мен кәріз жүйесін қалпына келтірдік. Бәріміздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде зардап шеккен үйлерді жылыта алдық.

"Восточный" разрезінің слесарі Дархан Темірғалиев сол аязды күндері иық тіресіп жұмыс істегендердің бірлігін атап өтті.
- Бүгінгі алғыс сіздердің де марапаттарыңыз! Ауыр жұмыс үшін ең жақсы марапат өзіңнің жұмысыңның нәтижесін көру, халықтың алғысын алу.

Өңір басшысы олардың бәріне мейірімділік қасиеттерін көрсетіп, бір-біріне қамқор болғаны үшін алғысын білдірді.
- Бүгінгі мереке өзара түсіністік пен өзара сыйластықтың, ізгілік пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі болсын. Баршаңызды шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймын және сіздерге мықты денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеймін! - деді облыс әкімі.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев