Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзда қаланы жылумен жабдықтау жағдайы бойынша жедел штабтың отырысын өткізді

Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзда қаланы жылумен жабдықтау жағдайы бойынша жедел штабтың отырысын  өткізді

Қалада станция жабдықтары мен жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандықтың жұмысы қамтамасыз етілді, жылу желілерінде анықталған зақымдардың ішінен 9 ақауды жою жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, өңір басшысының тапсырмасы бойынша бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген шұңқырларды толтыру жүріп жатыр. Бүгінгі таңда учаскелердің 40%-да жұмыс аяқталды, көктемде оларды асфальттау жүзеге асырылады. Келесі аптада мамандар темірбетон науаларын орнату қажет болған учаскелерді жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Асайын Байханов қала тұрғындары үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің ақысын есептеу жүйесін қайта қарауды тапсырды. Облыс әкімі алынбаған қызмет үшін толық төлемді есептеуді қолайсыз деп санап, "Екібастұзжылуэнергиясы" ЖШС ЭЖЭО-ның нақты жұмысын ескере отырып, жаңа есептеулер ұсынуы тиіс.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев