Әбілқайыр Сқақов «Лондон-2012» Олимпиадасының медаліне ие болған павлодарлық палуанды құттықтады

Әбілқайыр Сқақов «Лондон-2012» Олимпиадасының медаліне ие болған павлодарлық палуанды құттықтады

Он жылдан кейін 39 жасар еркін стильдегі палуан Дәулет Шабанбай жарыс нәтижелерін қайта қараудың нәтижесінде Лондондағы Олимпиада жүлдегерлері тізіміне енді. Облыс әкімі спортшыны лайықты марапатқа ие болғанымен құттықтады.
 
Павлодар облысының тумасы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жеңіс тұғырынан орын алды. Дәулет Шабанбай 120 келі салмақ дәрежесіндегі жарысты бесінші болып аяқтаған еді. Алайда 2019 жылы допинг-сынамаларын зерттеуден соң павлодарлық палуанның қарсыластарының нәтижелері есепке алынған жоқ. Осылайша, 39 жасар спортшы Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
 
Облыс әкімі спортшыны көптен күткен жеңісімен құттықтап, ақшалай сыйақы табыстады.
 
— Облыс тұрғындары бұл жаңалыққа дән риза және жетістігіңізбен мақтанады, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Сізді жерлестер атынан Лондондағы Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын. Ендігі уақытта ісіңізді тәлімгер ретінде жалғастырып, өскелең ұрпақ арасында спортты насихаттау мен дамытуға үлес қосқан маңызды.
 
Дәулет Шабанбай өңір басшысының идеясын қолдап, болашақ жоспарларымен бөлісті.
 
— Қазақстандықтардың үмітін ақтағаныма қуаныштымын. Өйткені, мен ата-анамның ғана емес, тұтастай алғанда ұлттың өренімін. Енді ізімді жалғастыратын мықты спортшы тәрбиелесем деймін, - деп ағынан жарылды палуан.
 
Барлық құжаттар рәсімделіп болғаннан соң 2012 жылғы Олимпиада жүлдегеріне пәтер кілттерін табыстау көзделуде. Айта кетейік, Дәулет Шабанбай Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері. 2014 жылы ол Азия ойындарының күміс медалін ұтып алған.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев