Павлодар облысының үздік педагогтары марапатталды

Павлодар облысының үздік педагогтары марапатталды

Облысымыздың 50-ге тарта мұғалімі әртүрлі өңірлік және ведомстволық наградаларға ие болды. Кәсіби мереке қарсаңында Әбілқайыр Сқақов педагогикалық қоғамдастықты құттықтады.

Ұстаздар күніне орай өткізілген салтанатты іс-шара өңір басшысының құттықтауынан басталды. Әбілқайыр Сқақов павлодарлық педагогтардың жетістіктеріне тоқталды.

–  Мұғалім – тұлғаны қалыптастыруда, оны тәрбиелеуде ерекше орны бар адам. Көз алдарыңызда сіздер бастаған балалар үлкен өмірге қадам басады. Сіздердің арқаларыңызда әрбіреуі дүние кетігіне кірпіш болып қаланады, - деді облыс әкімі. – Кәсіби шеберлігіңіз бен біліктілігіңіз жыл сайын жоғары нәтижелермен дәлелденіп жүр. Мысалы, соңғы үш жылда ұстаздарымыз 200-ден астам марапатқа ие болды.

Әбілқайыр Сқақов атап өткендей, бүгінде павлодарлық мектеп оқушылары республикалық және әлемдік сайыстарда 2,5 мың медаль ұтты – орташа есеппен әр жыл сайын 120 медаль. Олардың 200-дейі халықаралық олимпиадалардағы «алтындар».

Кәсіби мереке қарсаңында облыстың 52 педагогы әртүрлі марапатқа ие болды. Білім беру саласының бірқатар қызметкеріне облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді. Еңбек сіңірген педагогтар «Еңбек ардагері», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгілерімен, облыс әкімінің «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» Төсбелгілерімен марапатталды. Сый-құрметке ие болғандардың барлығы ақшалай сыйақыларға ие болды.

Оқушыларды республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындағандары үшін «Павлодар облысы білім саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің 13 иесі 1000 АЕК көлеміндеі сыйақымен марапатталды. 2020 жылдан бері осы бағытта барлығы 69 педагог марапатқа ие болды. Бағдарлама мерекелік концертпен аяқталды. Ұстаздар алдында Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның өнер ұжымдары мен жекелеген әртістері ән салды. Сонымен бірге кеш қонақтары Қазақстан эстрадасының жұлдызы Ринат Малцаговқа қол соқты.