Ақсу қаласында ерекше балаларға арналған спорт нысаны жұмысын бастады

Ақсу қаласында ерекше балаларға арналған спорт нысаны жұмысын бастады

Ауылдық инфрақұрылымды жасқарту және жергілікті студенттердің ноу-хау идеялары. Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапарының шеңберінде Ақсу қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, моноқаланың жастарымен кездесті.  

Алғабас ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында көптен бері жөнделмеген инфрақұрылым жақсартылды.  Көше шамдары орнатылып, кіре беріс жолдың күрделі жөндеуі аяқталды, кентішілік жолдарға қиыршық тас төселді.  

 Ауылымыз күн сайын көркейіп келеді. Үйлерге су тартылып, жолдар жөнделді, кіре берісте стела қойылды. Қазір бізде жайлы өмір сүруге керектінің бәрі бар, - деп жергілікті тұрғын қуанышымен бөлісті.

Әбілқайыр Сқақов ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартудың маңыздылығын атап өтіп, әрбір елді мекен үшін стратегиялық даму жоспарын әзірлеуді тапсырды.  

– Барлық деңгейдегі әкімдер Халық үніне құлақ асатын мемлекет идеясын шынайы өмірде жүзеге асырулары тиіс, – деп атап өтті аймақ басшысы. – Жастар ауылдан кетпеуі үшін жағдай жасау қажет. Ол үшін жергілікті билік жастарға қажетті қолдау көрсетулері керек.

Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы көп бейінді колледжде 1004 студент білім алса, олардың 796-ы грант негізінде оқиды. Колледж директоры Алма Айтуарованың айтуынша өткен жылдардағы түлектер толықтай жұмысқа орналасқан. Оқу орнында ғылыми зертханасы бар құзыреттіліктер орталығы жұмыс істеп тұр. Мәселен, жергілікті студенттер электр энергиясын үнемдеу жүйесін құрастырған.  

Облыс әкімі ЖОО-ен бірлесіп жоба құрастыруды және идеяларды коммерциялауды, сондай-ақ, жұмыс берушілермен қарым-қатынас бойынша бес жылдық жоспар әзірлеуді ұсынды.

Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес колледж түлектері толықтай жұмысқа орналасулары үшін тәжірибе жұмыстарына ерекше көңіл бөлу керек, –  деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. Кәсіпкерлермен белсенді әрекеттісіп, студенттердің бизнес идеяларын дамыту қажет. Сол кезде ғана ғылым, инженерлік ой мен бизнестің әрекеттестігі туындайды.

Колледжде өткен диалог алаңында студенттер аймақ басшысына өз жетістіктері туралы айтып берді. Әбілқайыр Сқақов жеке қасиеттер мен терең білімді дамытудың басымдығын атап өтті.

Сіздер болашағы жарқын дарынды жастарсыздар, - деді облыс әкімі. – Мемлекет басшысы айтқандай сіздер болашақта елімізді басқарасыздар. Бір деңгейде тоқтап қалмау керек, сіздердің өзіндік даму және әлеуеттеріңізді дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар.

Биыл Ақсу қаласында ерекше балаларға арналған жаңа спорт кешені жұмысын бастады. Нысанның ішінде волейбол, баскетбол, сутбол алаңдары, үстел теннисі, күрес және паралимпиялық спорт түрлеріне арналған залдар бар. Атап өту керек, бұл еліміздегі ерекше балалар жаттыға алатын жалғыз спорт кешені. Облыс әкімі мұндай тәжірибені енгізудің маңыздылығын атап өтті.  

– Біз мұндай әлеуметтік жобаларды ары қарай да дамытуымыз керек. Бұл барлық балалардың мүмкіндіктеріне қарамастан спортпен айналыса алатынының мысалы, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Сонымен бірге, облыс әкімі Набережная көшесіндегі №39-ші көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті. Таяуда мұнда үй маңындағы аумақ абаттандырылып, балалар алаңы мен жаяу жүргіншілер жолдары орнатылды. Әңгіме барысында үйлерді басқарудың жаңа формасына көшу мәселелері сөз болды. Аймақ басшысы жергілікті мемлекеттік органдар осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет екенін тағы бір мәрте еске салды.   

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев