Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысы ардагерлерімен кездесті

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысы ардагерлерімен кездесті

Ашық диалог форматында өткен жиын барысында құрметті азаматтар өз сауалдары және өңір дамуы мен өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты ұсыныстарын жолдауға мүмкіндік алды. Қарттар күні қарсаңында Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының ардагерлер кеңестерімен кездесті.

Өңір басшысының тапсырмасымен жыл бойы ардагерлердің басқармалар басшыларымен кездесулері өткізілуде. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеевтің сөзіне қарағанда, бір жылда 4 мыңнан астам сұрақ келіп түсті, олардың барлығы оң шешімін тапты.

Ардагерлердің жекелеген ұсыныстары жүзеге асырылуда. Облыстың атқарушы билігінің сапасына бейжай қарамаймыз, өйткені ел болашағы оның жұмысына байланысты, - деді Рымтай Шөкеев.

Өңірде өңдеуші сектордың жекелей санаттары, инвестиция тарту және агроөнеркәсіптік кешен тұрақты өсімге ие. 2025 жылға дейінгі инвестжобалар пакеті жалпы құны 2 трлн теңгеге бағалануда, жаңа жұмыс орындар саны 10 мыңға жетеді. Есесіне, 2022 жылы жалақы орташа есеппен 17%-ға өскен. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға зор мән берілуде.

Әбілқайыр Сқақов 2020-2022 жылдары облыста 1400 шақырым жол жөнделгенін атады. Нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 93%-ға жетті. Үш жыл ішінде қосымша 86 мың ауыл тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізді. Олардың жалпы саны 207 мың адамға таяды.

– 2019 жылдан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,8 есе артты. Өсімнің басты алғышарты – суармалы егіншілік, - деді облыс әкімі. – Жалпы алғанда картоп, көкөніс пен қарақұмық шығымының артуы жоспарлануда. Суармалы алқаптар көлемі 1,4 есеге артты. Оң динамиканың арқасында 14 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бар.

Өңірде тұрғындарды жұмыспен қамтудың Бағдарламасы жүзеге асырылуда. NEET жастарының саны 4,1%-ға кеміді. Жыл басынан 15 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, олардың 60% - тұрақты.

– Балаларға көмек беру бойынша әлеуметтік шаралардың жеке пакеті әзірленді. 85 мың мектеп оқушысы қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Мектептер мен балабақшаларда тегін тамақтандыру ұйымдастырылған, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Ерекше қажеттіліктері бар балаларға оңалтушылық көмек көрсетілуде.

Облыс әкімі Әділетті Қазақстан құрудағы Президент Жолдауының маңызды аспектілері туралы айтып өтті. Павлодар облысының ардагерлері өз ұсыныстарын білдірді. Шарбақты аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Светлана Шпехт атқарушы органдар мен қоғамның күшін біріктіру арқылы өскелең ұрпақ тәрбиесін қолға алу керектігін айтты. Жалпы, ардагерлер пікірлерінше, жастар арасында патриотизмді насихаттаудың арнайы Бағдарламасын әзірлеу керек. Құрметті азаматтар тілге тиек еткен бірқатар маңызды мәселелер өңір басшылығы тарапынан қолдауға ие болды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев