Павлодар облысы әкімінің бір орынбасары қысқартылды

Павлодар облысы әкімінің бір орынбасары қысқартылды

 Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Павлодар облысы әкімінің орынбасарларының саны тағы бір бірлікке қысқартылды.

2022 жылғы 1-ші тамыздан бастап Павлодар облысы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Динара Шаймұратова 2021 жылы сәуір айында тағайындалған лауазымынан босатылды. Осылайша, Павлодар облысы әкімінің үш орынбасары О.Крук, А.Құрманова, М.Өтешов қалды.

Бұған дейін 2022 жылдың наурыз айында аймақ басшысының орынбасарларының саны бесеуден төртке дейін қысқартылған еді. Сонымен бірге, өткен жылы штат санының лимиттерін қысқарту барысында 10 ауданның әкім орынбасарлары мен 15 облыстық басқарма басшысының бір орынбасарлары қысқартылған еді. 2021 жылы Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілердің штаты 15%-ға қысқарды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі