Екібастұзда жетпіс екі отбасы қоныс тойын тойлады

Екібастұзда жетпіс екі отбасы қоныс тойын тойлады

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов екібастұздықтарға жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырды. Аймақ басшысы пәтер иелерін құттықтап, оларға құт-береке тіледі.

Қымбатты екібастұздықтар, бүгін сіздердің қуанышты бөліскеніме қуаныштымын, - деп атап өтті аймақ басшысы. – Соңғы екі жарым жылда Екібастұздағы тұрғын үй құрылысының қарқыны жыл сайын жиырма екі мың шаршы метрден алпыс алты мың шаршы метрге дейін өсті. Яғни, екі жыл ішінде 1359 пәтер пайдалануға берілді. Осының арқасында тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны он бір пайызға қысқарды.

Торайғыров көшесіндегі 114-үй мекенжайындағы тоғыз қабатты ғимараттың құрылысы өткен жылы басталған еді. Мұндағы жетпіс екі пәтердің тең жартысы екі бөлмелі пәтерлер болса, бір бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлердің жапы саны отыз алты. Пәтерлер көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен жетім балалар, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді.

Көп балалы ана, «Алтын алқа» белгісінің иегері Күләнда Әбдірахманова өз қуанышымен бөлісіп, қала билігіне алғысын білдірді. Педагогика саласының ардагері тұрғын үй кезегінде он жылдан астам уақыт тұрды. Оған үш бөлмелі пәтердің кілті берілді. Облыс әкімі Күләнда Әбдірахмановаға тоңазытқыш сатып алу үшін арнайы сертификат сыйлады.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев