Әбілқайыр Сқақов “Богатырь Көмір” ЖШС-ің еңбек ұжымымен кездесті

Әбілқайыр Сқақов “Богатырь Көмір” ЖШС-ің еңбек ұжымымен кездесті

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Екібастұзға жұмыс сапары жалғасуда.

Аймақ басшысы “Богатырь Көмір” ЖШС-ің ұжымымен кездесті.

Өңір басшысы бірегей кәсіпорынның ауқымды жоспарларымен танысты.

Алдағы жылдары “Богатырь” разрезі көмір өндіру мен тасымалдаудың циклдық-ағындық технологиясына көшеді. Ағындық технологияны енгізу “Богатырь”-дің дамуына тың серпін береді. Бұл әдіс 200 метрден астам тереңдікте көмір өндіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді және “Богатырь” кенішінің қуатын жылына 52 млн.тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Әбілқайыр Сқақов еңбек ұжымымен кездесіп, кеншілердің сұрақтарына жауап берді. Шахтерлер Екібастұздағы аулаларды жөндеу қажеттілігі туралы мәселе айтылды. Белгілі болғандай, қала билігі биыл 25 ауланы ретке келтіріп, келесі жылы тағы 30 ауланы жөндеуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, пәтер иелерінің кооперативтерін мүлік иелерінің бірлестігі түріндегі басқару формасына көшіру, жолдарды асфальттау, емханалардағы медициналық кадрлардың жетіспеушілігі мәселелері көтерілді. Өңір басшысы Екібастұзды дамытудың Кешенді жоспары осы және басқа да көптеген мәселелерді шешуі тиіс екенін атап өтті.

Жоспар экономиканы дамыту, тұрғын үй және инфрақұрылым, әлеуметтік сала, азаматтық қорғауды қамтамасыз ету және экология сияқты төрт блоктан тұрады, - деді облыс әкімі. – Біздің басты мақсатымыз екібастұздықтардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Екібастұз моноқаладан экономикасы әртараптандырылған, заманауи инфрақұрылымы және адами капиталы мықты қалаға айналады деп сенемін.

Қаланың шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуде әкімге су және электр энергиясының тарифтері, туризмді қолдау және аймақаралық оқу орталығын ашу туралы сауалдар қойылды. Өңір басшысы Екібастұз әкіміне кәсіпкерлердің өтініштерін егжей-тегжейлі пысықтап, нақты шешім қабылдауды тапсырды.

Аймақаралық орталық бойынша мәселенің шешімін таптық, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. – Орталықтың базасында шағын индустриялық аймақ құру үшін политехникалық колледжге сенімгерлік басқаруға беруді жоспарлап отырмыз.

Өңір басшысы жаңартылған оқу орны техникалық білім беруді, инновациялар мен бизнесті дамыту бойынша өңірлік хабқа айналатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов жаңадан ашылған “Екібастұз” теннис орталығына барды. Теннис орталығында бес білікті жаттықтырушының жетекшілігімен жүз жетпіс бала және отыз ересек адам жаттығады. Облыс әкімі балаларды спорттың осы түрімен жаппай қамту үшін жан басына қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев