Облыс әкімінің Жеңіс күнімен құттықтауы

Облыс әкімінің Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Қадірлі жерлестер!


Сіздерді шын жүректен Ұлы Жеңістің 77-жылдығымен құттықтаймын!
Жеңіс жолында батылдық пен қайсарлықтың шынайы үлгісін көрсеткен азаматтардың ерлігі жадымызда мәңгі сақталады.
Жеңіс күні – халқымыздың ұлы ерлігі мен қаһармандығының, табандылығы мен ерік-жігерінің символы. Әр отбасында соғыстың ауыртпалығын көрген адамдар бар.
Павлодарлықтар Ұлы Отан соғысының барлық ірі шайқастарына қатысты. Олардың он мыңнан астамы түрлі наградалармен марапатталды. Өңіріміздің 23 тұрғыны Кеңес Одағының Батыры атағына иеленсе, 8 адам Даңқ орденінің толық иегері атанды.
Осы күнге жеткен ардагерлерге құрмет көрсетіп, батырларымызға қамқорлық жасау – біздің қастерлі парызымыз. Павлодар облысында бүгінге 18 ардагер тұрып жатыр. Олардың көрер жарығы мен қызығы көп болсын.
Құрметті ардагерлер! Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін! Еліміздің аспаны ашық, бақ-берекесі мол болсын!
Жеңіс күні құтты болсын!

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов