Облыс әкімінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Облыс әкімінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

⠀Қадірлі жерлестер!

Құрметті әскери қызметшілер!

 

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

1992 жылғы 7-ші мамыр – Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері құрылған тарихи күн. Отыз жыл ішінде Павлодар облысының әскери қызметшілері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жоғары кәсібилік, әскери абырой мен ерліктің үлгісіне айналды.

Қай заманда да Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерді қорғауға дайын болу аса маңызды құндылықтардың қатарында болды.

Ерлік пен табандылықтың символына айналған мереке күні барлық Отан қорғаушыларға және олардың жақындарына мықты денсаулық, баянды бақыт пен мол табыс тілеймін!

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов