Сіздердің өмірлеріңіз - қаһармандықтың үлгісі. Өмір үшін күресе беріңіздер: Павлодар облысының әкімі павлодарлық ардагерлерді мерекемен құттықтады

Сіздердің өмірлеріңіз - қаһармандықтың үлгісі. Өмір үшін күресе беріңіздер: Павлодар облысының әкімі павлодарлық ардагерлерді мерекемен құттықтады

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодар қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне барып, оларға батылдығы мен ерлігі үшін алғыс айтты.

 

- Біз сізге мәңгі-бақи қарыздармыз, - деді аймақ басшысы Иван Кондрашовқа.

 

Иван Кондрашов 1-ші Белорус майданында Сталинградтан Берлинге дейін жүріп өтті. Соғыстан кейін ол Қазақстанға комсомолдық жолдамамен тың көтеру жылдарында көшіп келді.

 

Ұрыс даласындағы ерлік істері үшін Николай Поддубный «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен бірге, Николай Григорьевичтің «Германияны жеңгені үшін», «Г.К.Жуков» медальдері және Отан соғысының ордені бар. Ардагер облыс әкіміне Жеңіс күнін қалай қарсы алғаны туралы айтып берді.  

 

- Жеңіс күнінің қарсаңында мен 52-ші Армияның байланысшысы ретінде мотоциклмен батальондардың штабтарын аралап жүрдім,  - деп еске алды Николай Поддубный. – Бірде, тапсырманы орындап келе жатқанда байланысшылардың бірі Германияның капитуляциясы туралы хабарын естідім. Өз бөлімшеме оралған соң күзетшіге қуанышты хабарды айтып, әуеге оқ атуын сұрадым. Осылайша біз бөлімшеміздегілерді оятып, сүйінші хабарды жеткіздік.

 

Ардагер Солтүстік-батыс және Украин майдандарында соғысты. Сапер әрі штаб қызметкері болды. Жарақаттанып та үлгерді. Соғыс аяқталған соң Новосібірге оралып, кейін жұмыс бабымен Павлодар облысында қоныстанды.

 

Николай Поддубныйдың жасы 97-де болса да, өзінің тың қалпын жоғалтпаған. Соғыс ардагері өзі шығарған өлеңдерін оқып берді. Облыс әкімі Николай Григорьевичке алғыс айтып, мықты денсаулық тіледі.

 

Ардагер Николай Ступканың да өмірге шағымы жоқ. Ол әскер қатарын 1944 жылы алынды. Жапониямен соғысқа қатысты. 1955 жылы Павлодарға көшіп келіп, «Өнеркәсіпқұрылыс» трестіне жұмысқа тұрды.  

 

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының барлық тұрғындарының атынан ардагерді мерекемен құттықтап, Естай атындағы Мәдениет сарайының әртістері ардагердің үйінің ауласында ұйымдастырған концертті тамашалауға шақырды. Әскери киім киген әртістер «Жеңіс күні», «Катюша», «Темная ночь» әндерін шырқады.

 

Аймақ басшысы ардагер Михаил Горбуновке ерік-жігер мен күш-қайрат тіледі. Ол армия қатарына 1943 жылы шақырылды. 17-ші армияның 209-атқыштар дивизиясының құрамында Забайкалск майданында соғысты. Армия қатарынан босаған соң ол Қырғызстандағы Тоқмақ кентінде «Главцинксвинец» кен-байыту комбинатында жұмыс істеді. 1955 жылы Павлодарға қоныс аударып, обыс орталығындағы құрылыс алаңдарында экскаватор жүргізушісі болып жұмыс істеді.

 

Ардагер Василий Григораш та облыстың дамуына зор үлес қосты. Ол Павлодарға 1951 жылы көшіп келіп, локомотив депосына жұмысқа тұрды. 1988 жылы деподан зейнетке шыққанда еңбек кітапшасында бір ғана жазба болды.

 

Әбілқайыр Сқақов ардагерге еңбегі мен белсенді өмірлік ұстанымы үшін алғыс айтты. Өз кезегінде Василий Иванович жас ұрпаққа жұмыста табысты болуын тіледі.

 

- Жастар ауырмасын, өкөңілдері қартаймасын, Отаны мен туған отбасын аяласын. Бәріне ұзақ ғұмыр тілеймін, - деді Василий Григораш.

 

96 жастағы Евдокия Попова да облыс басшысын қуанышпен қарсы алды. Соғыс жылдары Евдокия Ивановна ұрыс даласында санитар болды. Ардагер ол ауыр кезеңді мұңайып еске алды.

 

- Ұрыс даласынан қанша жауынгерді алып шықтыңыз деп сұрамаңыздар. Неғұрлым көп адамды алып шыққаныңа қуанатын едің, - деді ол. – Оларға снарядтың жарықшағы тимеуі үшін жасыру керек болатын.

 

Евдокия Ивановна әлі күнге дейін үй шаруашылығын өзі жүргізеді. Облыс әкімі ардагердің пәтеріндегі жылулықты атап өтіп, оған өмірге деген құштарлығын жоғалтпауын тіледі.

 

Әбілқайыр Сқақов тағы бір әйел ардагер Мария Курбатоваға күш-жігер тіледі.

 

- Сіздің өміріңіз - қаһармандықтың нағыз үлгіс, - деді аймақ басшысы. – Сіз көп қиындық көрдіңіз. Сізді аялап өтуіміз керек. Келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтаймын.

 

Мария Курбатова Мәскеудегі мергендер мектебіне өз еркімен түсіп, оны аяқтаған соң 1943 жылы майдан даласына аттанды. Ол 4-ші Украин майданында 18-ші армияның 138-ші атқыштар дивизиясында шайқасты. Аға сержант атағында Украина, Польша және Чехословакияны азат етуге қатысты. Соғыстан соң сауда саласында жұмыс істеп, сырттай білім алды. Ол «Казобувьторг» мекемесінің қатардағы сатушысынан бас есепшіге дейін көтерілді.  

 

Облыс әкімі Белоруссия мен Польшаны азат етуге қатысқан Андрей Рыбалконың үйін де барды. Ол 37-ші дивизияның 114-ші полкінің құрамында Шығыс Пруссияға дейін жетті. 1946 жылдың ақпан айында ауыр жарақаттанып, келесі жылы әскер қатарынан шығарылды. Елге оралған соң туған ауылында тракторшы, көлік жүргізушісі болып жұмыс істеді. 1981 жылы еңбек демалысына шықты.  

 

ҰОС ардагері Сергей Выжутович те аймақ басшысын жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Ардагер облыс әкіміне Польша аумағын жаудан азат еткені туралы айтып берді. Жеңіс күнін ол германияның Росток қаласында қарсы алды. Соғыстан соң Павлодардағы ата-анасын оралып, «Октябрь» зауытына токарь болып жұмысқа тұрды. 1952 жылы қайтадан армия қатарын шақырылып, Павлодардағы жазғы әскери бөлімшеде авиациялық радиожабдықтардың механигі болып жұмыс істеді. 1956 жылы «Павлодарөнеркәсіпқұрылыс» құрылыс басқармасында шебер және прораб болып жұмыс істеді. Қала коммуникацияларының құрылысында Сергей Николаевич бірнеше рет ұтымды рационализаторлық ұсыныстар енгізгені үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының грамотасымен марапатталды.  

 

Әбілқайыр Сқақов ардагер Петр Ташлыковтің үйіне де барды. Ол 1942 жылы Владивосток қаласындағы жаяу әскер училищесін аяқтап, 21-ші жеке атқыштар бригадасының миномет взводының командирі болды. 1945 жылы Қиыр Шығыс майданында Жапонияға қарсы автоматшылар взводының командирі ретінде соғысты. Соғыстан кейін армиядағы қызметін жалғастырып, кейін ҚазМУ-ің заң факультетіне оқуға түсіп, оны үздік аяқтады. 1956 жылы Павлодар облыстық прокуратурасына жұмысқа тұрды. 1984 жылы облыс орталығының Индустриялық ауданының прокуроры қызметінен еңбек демалысына шықты. Әкім ардагерге мықты денсаулық, күш-қайрат пен ерік-жігер тіледі.

 

Кеше Әбілқайыр Сқақов аудандарда тұратын ардагерлерді құттықтаған еді. Аймақ басшысы басшысы Шарбақты ауылындағы Ефим Петренконы, Железин ауданының Михайловка ауылында тұратын Кузьма Чуйкинді және Павлодар ауданы Сычёвка ауылының тұрғыны Мария Матюшинаны мерекемен құттықтады.

 

Арғы күні облыс әкімі Ертіс және Баянауыл аудандары, Қалқаман және Шідерті кенттері мен Екібастұз қаласында тұратын ардагерлерді құттықтаған еді. Аймақ басшысы ардагерлер Павлодар облысының алтын қоры іспетті екенін атап өтті.      

 

Қазіргі таңда Павлодар облысында Ұлы Отан соғысының он сегіз ардагері тұрып жатыр. Жеңіс күні қарсаңында оларға екі миллион теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетілді.