Павлодар облысында бірнеше инклюзивті жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда

Павлодар облысында бірнеше инклюзивті жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда

Павлодарда үш инклюзивті орталық ашылады, онда: 150 орындық мүгедектерді оңалту, аутистік және басқа да ментальді бұзылулары бар және балаларда ерте көрінетін ауытқуларды анықтайтын болада. Олар Павлодар облысының 2022 жылға арналған жаңа қысқа мерзімді іс-қимыл бағдарламасының іс-шаралар жоспарына енгізіледі.


Бағдарлама облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте талқыланды. Жиында облыстағы еңбекке жарамсыз халықтың нақты құрамы анықталып, оларды қолдаудың нақты шаралары ұсынылатыны да сөз болды. Сондай-ақ, облыс тұрғындары үшін 18 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі үш түрлі қысқа мерзімді тегін курстар ұйымдастырылып, олардың мамандықтары жұмыс берушілердің өтініштері бойынша анықталады. Техникалық және жұмысшы мамандықтарға баса назар аударылады.


Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук та еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша комиссия құру жоспарланып отырғанын атап өтті. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу кезінде ол заңдастыруға және мамандығы бойынша орташа номиналды көрсеткіштен төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын арттыруға көмектеседі.


Облыс әкімі билік пен халық арасында өзара іс-қимылдың және диалогты қалыптастырудың жолдарын дамыту қажеттігін қадап айтты.
«Жоспарланған барлық шаралардың сәтті жүзеге асуы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы тұрмыс жағдайы төмен аймақтарын қаншалықты тез және тиімді анықтайтынымызға байланысты», - деді Әбілқайыр Сқақов жиын қатысушыларына.