Павлодарлық кәсіпкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тұжырымдама талқыланды

Павлодарлық кәсіпкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тұжырымдама талқыланды

Павлодар облысының бизнесмендеріне бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік реттеудің ғана тағдыры болып қалмайтынын және оның тиімділігі көп жағдайда бизнестің қағидатты ұстанымына байланысты екенін еске салды.

 

Онлайн режимде өткен жиынға облыстың 100-ден астам кәсіпкері қатысты. Олардың арасында ірі шаруа қожалықтарының басшылары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа да жеке құрылымдардың басшылары болды. Оларға Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов құттықтау сөз сөйледі. Ол нарықтық экономиканы дамыту үшін мемлекеттің жеке меншік институтын қорғауды, инвестициялық ахуалдың тұрақтылығын және әділ сот жүйесінің сақталуын қамтамасыз ететін тұрақты және жұмыс істейтін заңдардың болуы маңызды екенін атап өтті. Сол тізімге аймақ басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты да енгізді, оны жүзеге асыру тек билікке ғана емес, бизнес қауымдастығына да қажет, деді.

 

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тұжырымдамасының негізгі қағидаттары адал бәсекелестік, шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы, салықтық адалдық және кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі болуы тиіс, – деді ол. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ерікті түрде енгізу және оларды іске асыру үшін кәсіпкерлерді ынталандыру, комплаенс қызметтерін құру бойынша шаралар блогын қарастырады. Тұжырымдаманың бір нұсқасы әлемдік тәжірибеде қолданылатын мемлекеттік және жеке секторлар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың бірыңғай талаптары мен құқықтық салдарын болжайды. Басқа дамыған елдерде сәтті қолданылып жүрген басқа озық инновациялар да ұсынылады. Ал біз оларды қолдану мүмкіндігін аймақтық тұрғыдан бағалауымыз керек.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Баянғазин бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері тек мемлекеттік реттеудің ғана тағдыры болып қалмайтынын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің сәттілігі Бизнестің қағидаттық ұстанымына және оның осы процеске тартылуына байланысты бола бастағанын атап өтті. Сондықтан бастамаларды бизнес-қоғамдастықтан күтеді.

 

– Біз сыбайлас жемқорлық барлық адамдар үшін, соның ішінде бизнес үшін экономикалық жағынан тиімсіз болатындай жағдай жасауға ниеттіміз, -

деп мәлімдеді облыстық Антикор басшысы. – Адал жұмыс істейтін компанияларды, біздің ойымызша, қаржылай ынталандыру керек. Әрине, тікелей емес, мүмкін, мемлекеттік сатып алуда преференциялар жасау, мемлекеттік қолдау және т.б. Осы мақсатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу бойынша бірқатар шаралар ұсынылуда. Бұл келісім-шарттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тармақтар, компаниялардың бенефициар иелерінің ашықтығы, контрагенттердің адалдығын бағалау және ықтималдығы жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар мәмілелер жатады.

 

Кездесуге қатысушылар тұжырымдаманың әрбір тармағына қатысты өз пікірлерімен бөлісе алды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын ескеріп, оларды зерттеу және талдау үшін орталық аппаратқа жіберуге уәде берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа құжатқа жақын арада қол қойылады деп жоспарлануда.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Валерий Бугаев