Павлодарлықтарды өңірді дамыту жөніндегі 2022 жылға арналған Іс-қимыл бағдарламасын жасауға шақырады

Павлодарлықтарды өңірді дамыту жөніндегі 2022 жылға арналған Іс-қимыл бағдарламасын жасауға шақырады

Павлодар облысының тұрғындарынан барлық ұсыныстар 1 ақпанға дейін қабылданады.

 

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңес барысында облыс тұрғындарына өзара әрекеттесу туралы өтініш жасалды. Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін алты негізгі бағыт белгіленді: кедейшілікпен күрес, жастармен өзара іс-қимыл, шағын және орта бизнесті дамыту, халық табысының өсуін қамтамасыз ету, инфрақұрылымның тұрақты жұмысы және халықпен коммуникацияны күшейту.

 

– Осы бағыттар бойынша ұсыныстарды қабылдау 1 ақпанға дейін жүзеге асырылады, - деп хабарлады Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук. - 2-5 ақпан аралығында ұсыныстарды жинау, өңдеу және талдау жүргізіледі. Олардың барлығы үш топ бойынша сүзілуі және жүйелендірілуі тиіс, олар - бірінші кезектегі, ұзақ мерзімді және орындалмайтын топтар. Олардың әртүрлі учаскелердегі дамуымен 6-12 ақпан аралығында жұмыс топтары айналысады. Бағдарлама жобасына бірінші кезектегі міндеттер енгізіліп, ұзақ мерзімділері бақылауға алынып, одан әрі іске асыру үшін салалық басқармалар мен жергілікті әкімдерге беріледі. Орындалмайтын тапсырмалар үшін дәлелді түсініктемелер әзірленеді.

 

2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасының жобасын 15 ақпанда қалыптастыру жоспарлануда. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірді дамытуға қатысты сындарлы ұсыныстарын айтып жатқандардың барлығының пікірін ескеруді талап етті.

 

- Уақыт өте тығыз, - деді ол. - Жарияланған бағдарлама декларативті құжатқа айналмай, практикалық іс-әрекеттердің алгоритміне айналуы керек. Жастар саясатын жаңа тұғырға қоюымыз керек. Ол үшін әрбір жастың әлеуметтік жағдайын анықтап, оған не қажет екенін білу керек. Өкінішке орай, бүгінде жастармен жұмыс жөніндегі барлық орталықтар бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырушыларына айналды, ал жастарға кез келген көмек көрсетілетін орын болуы тиіс.

 

Әкім халықты жұмыспен қамту, инклюзивті бағытты дамыту және билік пен халық арасындағы диалогты қайта бастау мәселелеріне де тоқталды. Кері байланыс алу үшін ол жерлестерімен байланыстың барлық арналарын пайдалануды тапсырды. Облыс тұрғындары Павлодар облысын одан әрі дамыту бойынша барлық ұсыныстарын usynys@pavlodar.gov.kz электронды поштасына жібере алады немесе 1 ақпанға дейін әлеуметтік желілердегі тиісті жазбаға түсініктемелер де қалдыра алады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Валерий Бугаев