Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасын Балтабай Қаппасов басқарды

Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасын Балтабай Қаппасов басқарды

Бұған дейін ол үш жылдан астам Ақсу әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңес барысында облыс басшысы Әбілқайыр Сқақов жаңа басшыны таныстырды. Ол Балтабай Қаппасовтың мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесін атап өтіп, жұмысына табыс тіледі. Облыс әкімі бірден тағайындалған адамның алдына бірінші кезектегі міндеттерді қойды, оның ішінде жастармен жұмысты ерекше атап өтті.

 

Балтабай Қаппасов 1971 жылы дүниеге келген. Ол 1997 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Биология және химия пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді, ал 2012 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын тәмамдады. Сонымен қатар, ол АҚШ-тың Дьюк университетінде саясаттану магистрі дәрежесін алды.

 

Еңбек жолын 1988 жылы Краснокутск ауданындағы К. Маркс атындағы совхоздың орталық ток лаборанты болып бастаған. 1997 жылдан 1999 жылға дейін Павлодар қаласының индустриалдық АІІБ-де милицияның учаскелік инспекторы болып жұмыс істеді. 1999 жылдан 2007 жылға дейін ПМУ жанындағы химия кафедрасының лаборанты болып жұмыс істеді. С. Торайғыров атындағы Железин №2 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.

 

2007 жылы Железин ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2014-2017 жылдары-Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды. 2017-2018 жылдары - еңбек және әлеуметтік бағдарламалар министрлігі Өңірлік департаментінің директоры, ал 2018 жылғы наурызда Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2018 жылдың қазан айынан бастап жаңа тағайындауға дейін Ақсу әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Валерий Бугаев