Павлодарлық тәртіп сақшыларын төтенше жағдай кезінде атқарған қызметтері үшін алғыс білдірді

Павлодарлық тәртіп сақшыларын төтенше жағдай кезінде атқарған қызметтері үшін алғыс білдірді

Павлодар облысының полиция, Ұлттық ұлан және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері орталық алаңды сап түзіп жүріп өтті. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

 

Облыс әкімі тәртіп сақшыларына жалпы сапқа тұру кезінде үндеу тастады. Ол олардың сенімді әрі ұйымдастықпен атқарылған жұмысын ерекше атап өтіп, 5 қаңтарда облыста болған тәртіпсіздіктер кезінде және төтенше жағдай режимі кезінде Павлодарда адам шығынына жол берілмегенін еске салды.

 

- Халқымыздың сіздерге түсіністікпен қарағанын көрдік, - деді әкім құқық қорғау органдарының өкілдеріне. – Біздің барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлері аянбай ерлік көрсетті, майдан даласында тұра білді және еліміздің мүддесі жолындағы антына адал үлкен жүректері бар екенін көрсетті. Осындай қиын кезеңде арандатушылыққа бармай, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ете алдыңыздар.

 

Әбілқайыр Сқақов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Павлодар облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталғанын еске салды. Бұл бұрын қойылған барлық шектеулердің алып тасталынғанын білдіреді. Бұл ретте облыстың құқық қорғау блогы күшейтілген режимде жұмысын жалғастырады. Әкім аймақтағы жағдай биліктің бақылауында екенін атап өтті.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Валерий Бугаев