Павлодарда Тәуелсіздік күнінің қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер мен полицейлер марапатталды

Павлодарда Тәуелсіздік күнінің қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер мен полицейлер марапатталды

Мемлекеттік мерекеге орай өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов кәсіби қызметінде ерекше көзге түскен мемлекеттік қызметшілер мен тәртіп сақшыларын марапаттады.

 

Мемлекеттік қызметшілерді, мәслихаттардың депутаттары мен қызметкерлерін марапаттау рәсімі Достық үйінде өтті. Павлодар облысы әкімінің қолынан 49 адам «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін алды. Тағы жеті адам «Nur Otan» партиясының атынан «Белсенді қызметі үшін» белгісімен марапатталды.  Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және өңір басшысының Құрмет грамоталары табыс етілді.

 

- Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихы талай қиындықтарға толы болды, - деді Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының бөлім меңгерушісі, облыстық мәслихаттың депутаты Света Абдраманова. - Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері ретінде әлеуметтік мәселелер әрқашан ел басшылығының назарында болғанын айтқым келеді. Бұл бағытта біздің алдымызда әлі де үлкен міндеттер тұр деп ойлаймын. Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

 

Полицейлерге құрмет көрсету облыстық полиция департаментінің ғимаратында өтті. Тәртіп сақшыларына арнаған сөзінде Әбілқайыр Сқақов олардың ерекше миссиясы - адамдарға ең бірінші болып көмектесу екенін еске салды.

 

- Адамдар қайғылы жағдайға ұшырағанда ол әрдайым дәрігерлерге немесе полицияға қоңырау шалады, - деді әкім. - Соңғы жылдары қылмыстар саны айтарлықтай азайып, оларды ашу саны өсуде, құқық қорғау органдарының құзыреттілігі жақсарып келеді. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің жұмысымыздың басымдықтарының бірі, сондықтан, біз полиция жұмысындағы сервистік үлгіге көшу бағытын қолдаймыз. Барлық тәртіп сақшылары мен олардың жақындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Сіздерге бақыт, амандық және табыс тілеймін!

      

Өңір басшысы облыстық полиция департаментінің екі қызметкерін Құрмет грамоталарымен, сегіз қызметкерді Алғыс хаттармен марапаттады. Ведомство бастығы Нұрлан Мәсімов Әбілқайыр Сқақовқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, құқық қорғау қызметінің тұрғындарға қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсартуға уәде берді.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев