Павлодар облысы еліміздің ең мейірімді өңірі деп танылды

Павлодар облысы еліміздің ең мейірімді өңірі деп танылды

Облыс орталығындағы «Достық үйінде» Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткізілген «Мейірімді істер марафоны» жалпыұлттық жобасы мен республикалық «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығының қорытындысы өткізілді.

 

Марапаттау салтанатына Қазақстанның барлық өңірлерінен келген делегаттар қатысты. Кездесудің құрметті қонағы ретінде Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысты. Ол Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып беріп, барлық меценаттар мен еріктілерге, барлық қазақстандықтарға қайырымды істерге ат салысқандары үшін алғыс айтты.

  

- Мейірімді істер марафонын» бастаған Президентіміз отандастарымызға жомарттық, мейірімділік, адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге ұмтылу сияқты басты құндылықтар үстемдік ететін қоғам құруды ұсынды, - деді Аида Балаева. – Біз бұл міндетке қол жеткіздік. Еліміз бойынша мыңдаған азаматтар мен ұйымдар жобаға ат салысып, оны шын мәнінде жалпыұлттық жобаға айналдырды. Марафонға 1200 үкіметтік емес және еріктілер ұйымдары, 300-ден астам білім беру мекемелері, 360 ұжым  мен кәсіподақ қатысты. Ұжымдар мен коммерциялық ұйымдар қайырымдылық шараларға жұмсаған жалпы сома 6,2 милиард теңгені құрады.

 

Павлодар облысында «Мейірімді істер марафонына» 100-ен астам үкіметтік емес ұйымдар, шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпорындар, еріктілер тобы, жоолар мен колледждер қолдау көрсетті. 300 мыңнан астам адам түрлі қолдау шараларымен қамтылды. Орташа есеппен жалпыұлттық жоба шеңберінде өңірде 450 миллион теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді.

 

- «Богатырь Көмір» ЖШС мешіттер мен шікеулерге 10 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетті, «Галицкое» ЖШС-ің директоры  Александр Касицын жыл сайын аудан мен ауылдың әлеуметтік саласының дамуына 70 миллион теңгеден астам сома бөледі, Усин Нұржан жиһаз бен спорт инвентарін сатып алуға демеушілік көрсету арқылы өз қаражаты есебінен еркін күреспен айналысуға арналған зал ұстап отыр, - деп аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысындағы мейірімді істердің мысалдарын санамалап берді. – Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Әрқайсыңыз өз еңбектеріңізбен және мұқтаж жандарға қол ұшын созуларыңызбен көмекке зәру жандарға шынайы қолдау көрсетесіздер. Еріктілік, қайырымдылық және меценаттық – патриотизмнің және отанға деген сүйіспеншіліктің жоғары көрінісі. Біз бұл дәстүрлерді нығайтып, қоғамды ұйыстыратын механизмдердің бірі ретінде дамытуымыз керек.

 

«Мейірімді істер марафонына» белсенді қатысқандарға 10 номинация бойынша марапаттар берілді. Бес номинация бойынша павлодарлықтар да жүлдеге ілікті. «Ең мейірімді аула» номинациясы бойынша бірінші орынды бос тұрған аумақта бааллар алаңын құрған Ертіс ауылының Гагарин көшесіндегі ауланың тұрғындары жеңіп алды. «Ең мейірімді ұжым» номинациясында Железин ауданының орталықтандырылған кітапханалар желісінің қызметкерлері үшінші орынды қанжығасына байлады. Облыс орталығындағы №7 мектеп «Ең мейірімді мектеп» номинациясында үшінші орынға ие болды. Сонымен бірге, «Қоршаған ортаны қорғауда ең мейірімді» номинациясында ментальды бұзушылықтары бар адамдарға арналған «Альрами» клуб үйінің жұмыскерлері мен тәрбиеленушілері үздік атанды.

 

- «Мейірімді істер марафоны»-ың ұйымдастырушылары мен Павлодар обылсының басшылығына біздің клубымызға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтқымыз келеді, - деді қоғамдық ұйымның жетекшісі Жанна Жанжігітова. – Біздің тәрбиеленушілеріміздің психоневрологиялық аурулар бойынша мүгедектігі болса да олар еріктілер қатарында еңбек етті. Олар біреуден көмек күтіп отырмай, қаланың ластанған аумақтарын тазалауға өздері де кірісті. Осылайша, олар туған өлкесі мен бар әлемді таза ұстауға өз үлестерін қосуда.    

 

«Ең мейірімді өңір» номинациясында Павлодар облысы үздік деп танылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марапатты аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовқа, Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен «Vita» еріктілер тобының өкілдеріне тапсырды.

 

Сонымен бірге, Достық үйінде жыл сайынғы «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Бес номинация бойынша бірден 51 лауреат аталды. Павлодар облысынан «Жыл тұлғасы» номинациясында жұмыс орындарын ашып, ауылдастарына жан-жақты қолдау көрсететін «Луганск» өндірістік кооперативінің басшысы Петр Кузьменко сыйлыққа ие болды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сурететрді түсірген Валерий Бугаев