Қауіпсіздікке апарар 36 қадам: Павлодарда жол апаттарын азайту бойынша концепция ұсынылды

Қауіпсіздікке апарар 36 қадам: Павлодарда жол апаттарын азайту бойынша концепция ұсынылды

Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығы  Павлодар қаласының көліктік жүйесін жетілдіру мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі жол картасын таныстырды. «Vision Zero Pavlodar» деп аталған жоба келесі жылы жүзеге асырылмақ.

 

Облыс орталығындағы жолдарда апаттарды азайту жөніндегі концепцияны облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовқа Q88 Қазақстан урбанистері қаумыдастығының басшысы Ерлан Әукенов таныстырды. Баяндамашының айтуынша, жоба жол-көлік оқиғаларына деген нөлдік төзімділік қағидаттары негізінде құрылған және жол қауіпсіздігіне деген жауапкершілік жолдарға қызмет көрсететін, жолдарды салатын және жобалаумен айналысатын тұлғаларға артылады.

 

- Адам  өмірін қиған жол-көлік оқиғалары туралы жаңалықтарға бойымыз үйреніп қалды, - дейді Ерлан Әукенов. - Жергілікті билік  апаттың орын алуына жол қозғалысының қатысушылары кінәлі деп біледі. Бұл бағыттағы процедуралық әдістерді өзгерту керек. Бұл - әлемдік тренд.

 

ERG компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын «Vision Zero Pavlodar» жобасында 36 түрлі қадам қамтылған. Оның ішінде 2022 жылы Павлодар қаласының көшелерін жөндеу жобаларын жақсарту бар.

 

Сарапшылар қала көшелерінің реконструкциясына бөлінетін бюджет шеңберінде жолдарды тиімді жөндеу бойынша өз кеңестерін беруге дайын. Сонымен қатар, концепция авторлары төрт немесе бұдан да көп жолағы бар көшелердегі реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдерінде «антиқалталар» мен қауіпсіздік орындарын жабдықтау керек деген пікірде. Облыс орталығындағы проблемалы қиылыстарда қозғалыс жүйесін қайта ұйымдастыру қарастырылған.

 

- Павлодар қаласында 916 қиылыс бар. Жол-көлік оқиғаларының 33%-ы 12 қиылыста тіркеледі, - деп сөзін жалғастырды Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығының жетекшісі. - Бұл өзгерістер жол контурларына қатысты ғана емес. Қиылыстардың құрылымына өзгертулер енгізу керек: желілер схемалары, жарықтандыру және бағдаршамдық шаруашылық.

 

Сонымен қатар, Жол картасы шеңберінде Павлодар жолдарын қосымша жарықтандыру, жарықты өшіру және қосу уақытын реттеу, автотұрақ кеңістектерін дамыту және тағы басқа мәселелер. Жалпы, концепция мақұлданды. Дегенмен, аймақ басшысы құжаттың жергілікті жол-көлік жүйесіне барынша бейімдеуді талап етті. Әкім жобаны келесі жылы жүзеге асыруға жөндеу жұмыстары немесе реконструкция жоспарланған учаскелерде кірісуді тапсырды.

 

- Мектеп алдындағы шамадан тыс жүктелген жолдар, көрінбейтін жүргінші өткелдері, жол қозғалысының қатысушыларына кедергі келтіретін ағаштар - бұл мәселелерді күнбе күн көремін, - дейді Әбілқайыр Сқақов. - Біз үшін «Vision Zero Pavlodar» іске қосылғаннан кейін жолдағы жағдайдың өзгеруін облыс орталығы тұрғындарына көрсету маңызды. Жақын уақыттағы біздің мақсат - жолдағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қызығушылықтарын теңдей ұстау.

 

Q88 Қазақстан урнабистері қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, ұсынылған концепцияның басым бөлігін қомақты қаржыны бөлмей-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Алдағы бірнеше апта ішінде тәуелсіз сарапшылар мен қалалық билік барлық ұсыныстарды мақұлдап, жұмысқа кірісу керек.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев