Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Қымбатты жерлестер!

 

Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік күнінің қарсаңындағы бұл мейрам Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Отанымыздың қалыптасуы мен дамуындағы маңызды ролін айшықтайды. Ұлт Көшбасшысының бірлік, көпқырлылық пен кезеңмен дамудың экономикалық саясатына негізделген бағытының арқасында Қазақстан тәуелсіздіктің кезекті мерейтойын мықты әрі сенімді даму жолындағы мемлекет - бейбіт өмір мен адал еңбекті қадірлейтін ел ретінде қарсы алып отыр.

 

30 жылдан соң да қазақстандықтар үшін бірлік, өзара сыйластық, ата-бабалар мен салт-дәстүрді құрметтеу, білім мен еңбекке ұмтылу сияқты құндылықтар басты бағдар болып қала береді. Елбасымыз "Елдіктің жеті тұғыры" қағидаттар жиынтығында  жариялағандай жаңа дәуірде біздің осы қасиеттеріміз азаматтарымызды жасампаз ұлтқа айналдырады.   

 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры болған тіректер жылдан жылға нығая берсін! Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, күш-қайрат пен жақсылық тілеймін!

 

Фото авторы Владимир Бугаев, 2003 жыл