Павлодарда "Nur Otan" партиясына салтанатты қабылдау өтті

Павлодарда "Nur Otan" партиясына салтанатты қабылдау өтті

Павлодар облысының 30 тұрғыны өздерінің партиялық билеттерін алды. "Nur Otan" партиясының қатарына қосылғандардың арасында спортшылар, дәрігерлер және өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметкерлері болды.

 

Партияға қабылдау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілді. Жаңа партия мүшелерін құттықтай отырып, "Nur Otan" партиясы өңірлік филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақов олардың әрқайсысы аймағымыздың және еліміздің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

 

- Біз тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде  даму арқылы  айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін мақтан ете аламызз және бұл Елбасының көреген саясатының арқасында мүмкін болды, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. - Тұңғыш Президенттің басшылығымен "Nur Otan" билеуші партия ретінде қалыптасуының 20 жылы ішінде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және Тәуелсіздігімізді нығайту жөніндегі ауқымды реформаларды табысты түрде жүзеге асырды. Отанымыздың игілігі жолындағы жұмысымыз сіздермен бірге ары қарай жалғасатынына сенімдімін.

 

Жақында ғана Белградта өткен бокстан әлем чемпионатынан күміс медаль алып келген боксшы Серік Теміржанов та өзінің партиялық билетін алды.

 

- "Nur Otan" қатарында өз жерлестеріме көмектесе алатыныма өте қуаныштымын, - деп мәлімдеді спортшы. - Спортта да, қоғамдық өмірде де бар күш-жігерімді салуға уәде беремін. Баршаңызға табыс тілеймін!

 

Кездесу барысында өткен жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысының үздік бастауыш партия ұйымдары да атап өтілді. Жеңіипаздарға дипломдарды "Business Hub" БПҰ төрайымы Жәмилә Ерназарова, Железин ауданының бастауыш партия ұйымының басшысы Қанат Айсақов және "ЕЭК" АҚ құрамына кіретін "Восточный" разрезінің БПҰ төрағасының орынбасары Евгений Глебов табыс етті.

 

Бүгінгі таңда Павлодар облысының 47 мыңнан астам тұрғыны "Nur Otan" партиясының мүшесі болып табылады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген  Валерий Бугаев