Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Қанат Қашкиров жетекшілік етеді

Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Қанат Қашкиров жетекшілік етеді
Жаңа басшы ведомство ұжымына таныстырылды. Қашкиров Қанаттың жол-көлік саласын бақылайтын сала басқармасының басшысы лауазымында тәжірибесі бар екенін атап өту керек.
 
Қашкиров Қанат 1973 жылы Павлодар ауданында дүниеге келген. Ол С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін 1995 жылы «Инженер-құрылысшы-технолог», ал, 2003 жылы «Мемлекеттік басқару менеджері» мамандықтары бойынша аяқтаған. Техника және технология магистрі дәрежесі бар.
 
Еңбек жолын 1995 жылы құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған. 2002-2007 жылдары Павлодар қаласының абаттандыру басқармасының, Павлодар облысының индустрия және сауда департаментінің, Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің және Павлодар облысының мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау басқармасының бас маманы болып қызмет етті.   2007-2011 жылдары Павлодар облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасының құрылыс мониторингі және сараптамасы бөлімінің басшысы, сондай-ақ, Павлодар облысының сәулет және құрылысты бақылау және лицензиялау департаментінің директоры лауазымдарын атқарды. 2011-2017 жылдар аралығында Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын, кейін мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау басқармасы болып өзгерген  мемлекеттік сәуле және-құрылысты бақылау департаментін басқарды. 2017 жылдан бастап 2021 жылдың қазан айына дейін Железин ауданына басшылық етті.
 
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев