Бұл Павлодар облысының шағын индустриялық аймақ резиденттерінің екінші жәрмеңкесі.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәлімдеуінше, шара 27 қараша күні Павлодар қаласында, «Квазар» сауда үйінде өтеді.
"Қала тұрғындары мен қонақтары қолдан жасалған ерекше заттарды сатып ала алады. Ол жерде ағаш пен былғары бұйымдардан жасалған, балық аулау құрал-жабдықтарын, қыз жасауын, көрпе-жастық, құрақ көрпелер ұсынылатын болады. Бұл жерде өзіңізге немесе жақыныңызға ерекше сый алып қана қоймай, ниеттес ісмерлер мен қолөнершілерді де табуына болады, - хабарлады Ернұр Жәутікбаев.
Жәрмеңке 27 қараша күні сағат 11.00-де Естай көшесі, 81 мекенжайында орналасқан «Квазар» сауда үйінің бірінші қабатында өтеді.