Өндіріс өсімі мен рекордтар: Павлодарлық аграрийлер кәсіби мерекелерін атап өтті

Өндіріс өсімі мен рекордтар: Павлодарлық аграрийлер кәсіби мерекелерін атап өтті

Павлодарда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты кездесу өтті. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің үздік өкілдері облыстық, республикалық және ведомстволық наградалармен марапатталды.

 

Марапаттау рәсімінің алдында Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының залдарында ауылшаруашылық көрмесі ұйымдастырылды. Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарының фермерлері көрмеде өз өнімдерін ұсынды. Шаруаларға құрал-жабдықтар жеткізіп, сервистік қызметтер көрсететін кәсіпорындар да өз тауарларын көрсетті.     

 

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құттықтаған өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов соңғы екі жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріс көлемінің бірден 100 миллиард теңгеге өсуін қамтамасыз еткен барлық еңбеккерлерге алғыс айтты. Әкім жергілікті АӨК-е мемлекеттік қолдаудың жүйелі шаралары есебінен 1 теңге субсидияға 4 теңге жеке инвестиция келетін көрсеткішке қол жеткізілгенін атап өтті.

 

- Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде алғаш рет Павлодар облысында 1 миллион тоннадан астам астық өндірілді, - деді өңір басшысы ауыл шаруашылығындағы жылдың қорытындысы туралы. - Елімізде іске қосылған суармалы жерлердің жартысы біздің өңірге тиесілі. Нәтижесінде Қазақстанда өндірілген картоптың әрбір бесінші тоннасы, сәбіздің әрбір үшінші тоннасы және қарақұмықтың әрбір екінші тоннасы Павлодар облысында өндіріледі. «Галицкое» ЖШС-де өсірілген қазақтың ақбас тұқымды бұқасы Нұр-Сұлтандағы халықаралық аграрлық көрмеде бірінші орын алды. Жыл басынан бері 1300 тоннадан астам ет және ет өнімдерін экспорттаған бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындары даму үстінде.

 

Әбілқайыр Сқақов биылғы жылы ерекше көзге түскен агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлеріне марапаттар табыстады. Май ауданынан ауыл шаруашылығының ардагері Мақсұтхан Есімханов, Успен ауданы әкімінің орынбасары Қабиболла Абушахманов, «Қайрат» шаруа қожалығының басшысы Рымбек Мұқанов және «Вильгельм» шаруа қожалығының басшысы Александр Вильгельм «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісіне ие болды. Облыс әкімінің Құрмет грамотасы «Конвишер» шаруа қожалығының малшысы Серік Манабаев, «Нұрасыл» шаруа қожалығының қызметкері Бұхар Нұрлан, «Жаңа қала» шаруа қожалығының механизаторы Қайрат Асаинов, «Абай» ЖШС механизаторы Владимир Госс және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорының орынбасары Маралбек Жұмабаевқа берілді. Аймақ басшысының алғыс хатымен «Бахтияр» шаруа қожалығының басқарушысы Бағустар Муксинов, «Свәттілғазы» шаруа қожалығының қойшысы Сымағұл Иманханов және «Агронесие  корпорациясы» АҚ облыстық филиалының бас маманы Дамир Китаев марапатталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен «Табыс» шаруа қожалығының басшысы Манат Алғамбаров, «Құндыз» шаруа қожалығының басшысы Игорь Щербак,  «Санжар»  шаруа қожалығының басшысы Ерболат Сайдахмет және «Весна» шаруа қожалығының басшысы Анатолий Филипишин марапатталды.

 

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының атынан шараға қатысушыларды ұйым төрағасының орынбасары Павел Сурма құттықтады. Ол «Победа» ЖШС директоры Поляков Владимирге бірінші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісін, «Луганск» өндірістік кооперативінің сауыншысы Пчельникова Линдаға екінші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісін, ал «Галицкое» ЖШС механизаторы Александр Гофманға үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісін табыс етті. «Grand System» ЖШС директоры Екатерина Әбдіқалықова мен облыстық аумақтық инспекциясының кәсіподақ ұйымының төрайымы Құралай Мұсажанова «Елеулі еңбегі үшін» медаліне ие болды

 

Сонымен қатар, салтанатты кездесу барысында биылғы жылы агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірістің барынша өсуін қамтамасыз еткен аудандар атап өтілді. Үшінші орын Шарбақты ауданына, екінші орын Железин ауданына, бірінші орын Успен ауданына бұйырды.

 

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің құрметіне мәдениет сарайының сахнасында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар үшін И.Байзақов атындағы филармония ұжымдары мен солистері өнер көрсетті.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген  Валерий Бугаев