Павлодар облысында халық санағының онлайн кезеңінің қорытындысы шығарылды

Павлодар облысында халық санағының онлайн кезеңінің қорытындысы шығарылды

Ұлттық санақтың 15-қазанда аяқталған онлайн кезеңіне өңірдің 313966 тұрғыны қатысты.

 

«Онлайн» режимде сауалдарға Павлодар облысы тұрғындарының 41,9%-ы жауап берді. Санақтан өтіп үлгермеген тұрғындарға интервьюерлер келеді. Санақтың екінші кезеңі 1-30 қазан аралығында өтеді. Барлық тұрғындарды санаққа белсенді қатысуға шақырамыз!

 

Ұлттық статистика бюросының  Павлодар облысы бойынша департаменті