Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті

Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті

институтының өкілдері мен Ертіс өңірінің ірі көмір өндірушілері тиісті меморандумға қол қойды.

 

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов, Көмір химиясы және технология институтының, Ә. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының және «Казтехноуголь» ғылыми-өндірістік бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ, Ертіс өңірінің ірі көмір өндірушілері тиісті меморандумға қол қойды.

 

- Біз қол қойған меморандум көмір химиясын ары қарай дамытудың іргетасына айналуы тиіс, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. – Бұл ұзақ мерзімді жоба, сондықтан онымен қазірден бастап айналысуымыз керек. Өңір үшін көмірді баламалы түрде пайдалану мәселесі ерте ме, кеш пе туындайтыны анық. Ғылым, бизнес пен атқарушы биліктің бірлескен жұмысы көмір өнеркәсібіне ғылыми технологияларды енгізіп, көмір химиясының  жоғары өңдеудегі өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.

 

Көмір химиясы және технология институты Павлодар облысының көмір химиясын дамытудағы стратегиялық әріптесіне айналады. Институт қызметкерлері қазірдің өзінде көмір күлін қалдықсыз өңдеу технологиясы, шайынды суларды тазартуға қажетті құрамында көмір бар адсорбенттер алу және т.б. зерттемелер әзірлеген. Өңірдің көмір өндіретін кәсіпорындарының көбі орналасқан Екібастұзда институттың өкілдігі ашылады. Оның базасында үш жақты әріптестік жүзеге асырылады.

 

- Екібастұзда іске қосылатын орталықтың негізгі мақсаты – шағын және орташа қуаттылығы бар көмір химиясы өндірістерін құру болып табылады, - деді Көмір химиясы және технология институтының директоры Болат Ермағамбет. – Сондай-ақ, орталық тапсырыс берушілердің аумағында таза көмір технологияларын енгізумен айналысады. Орталықтың жанында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зертханалар құрылып, оларда тәжірибелік және пилоттық құрылғылар жұмыс істейді. Бұл бізге жан-жақты зерттеулер жүргізугі мүмкіндік береді.   

 

«Богатырь Көмір» ЖШС, «Еуразиялық энергетикалық корпорация», «Майкубен Вест» АҚ, «Ангренсор Энерго» және «Гамма Сарыколь» ЖШС-тері сияқты бес ірі көмір өндіретін кәсіпорындар ғалымдармен әріптестік орнатуға дайын. Көмір өнеркәсібін дамытудың жаңа жолдарын іздеуде олар барынша қолдау көрсетуге уәде берді.

 

Аймақ басшысы ғалымдар мен көмір өндіру кәсіпорындары меморандуға қол қойған соң бірден қарым-қатынасқа кірісетініне үміт білдірді. Осылайша, Павлодар облысында көмір химиясына көшуге мүдделі тараптар - ғылым мен бизнестің арасында байланыс орнатуға болады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев