Рекорд: Павлодар облысының диқандары бір миллионнан астам дәнді дақылдар жинауды жоспарлап отыр

Рекорд: Павлодар облысының диқандары бір миллионнан астам дәнді дақылдар жинауды жоспарлап отыр

Өңірде 30 жылдың ішінде тұңғыш рет бір миллионнан астам дәнді дақылдар өсірілді. Сонымен бірге, павлодарлық шаруалар рекордтық 600 мың тонна картоп жинап, еліміз бойынша қарақұмық егістіктерінің көлемі бойынша да көш бастап тұр. Облыстағы қарақұмық егістіктерінің аумағы еліміздегі егістіктердің жалпы көлемнің 54%-ын құрайды. Аграрийлердің айтуынша мұндай нәтижеге суармалы егістіктерді дамыту және озық аргротехнологияларды енгізу арқылы қол жеткізілді. Шаруалар астықтың сапасы мен болашақ жоспарлары туралы Ертіс және Тереңкөл аудандарына жұмыс сапарымен келген Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа айтып берді.

 

«Три К» шаруа қожалығының басшысы Оразалы Әйтімов аймақ басшысына биылғы жылы 630 гектар аумақта суару жүйесін тұңғыш рет қолданғанын айтты. Нәтижесінде кәсіпорынның жалпы өнімі айтарлықтай артқан.

 

- Маусым айынан бастап тұрғындар да қызықпайтын, мал жаюяға да келмейтін кішігірім жайылым жерді пайдалану арқылы 350 миллион теңгенің өнімін алдық, - деді шаруа. – Сондықтан біз суармалы егістікті дамытуды қолға алмақпыз. Ертіс өзені де біздің егістіктердің жанында ағып жатыр. Алдағы жылдары тағы да екі мың гектар суармалы алқапты іске қосамыз.

 

Ертіс ауданындағы тағы бір тәжірибелік шаруашылық – «Оразбаев» шаруа қожалығы да суармалы егістіктердің көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде кәсіпорын егістіктеріне 5,2 километр электр желілері мен 3,2 километр су құбырларын тартып үлгерді. Жыл соңына дейін мұнда сорғы орнатылып, келесі жылы аграрийлер 280 гектардан астам аумақты  суара бастайды. Сапалы жем-шөп базасын құрған соң шаруашылық 620 басқа арналған сүтті-тауарлы ферманың құрылысына кіріспекші.

 

- Қазір өңірде 132 мың гектар суармалы жерлер бар, - деді облыс әкімнің орынбасары Мейрам Өтешов жалпы көрсеткіштер туралы. – Бес жылдың ішінде суармалы егістік алқаптарын 225 мың гектарға дейін арттыру мүмкіндігі бар. Биыл өңірде 5 мың гектар алқап суармалы егістіктердің қатарына көшеді.

 

Әбілқайыр Сқақов «Смағұл» шаруа қожалығының егістік алқаптарында Ертіс ауданының басқа шаруаларымен да сөйлесті. Шаруалар өткен жыл диқандар үшін сәтті болғанын атап өтті. Олардың сөзін статистикалық деректер де растап отыр. Өңірде 30 жыл ішінде алғаш рет бір миллион тоннадан астам дәнді дақылдар астығын жинау жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артық. Сонымен қатар, павлодарлық картоп өсірушілер 600 мың тоннадан астам өнім жинап, өткен жылғы рекордтық 546 мың тонна өнімнен де асып түсті. Егер, 2019 жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешеніндегі жалпы өнім көлемі 255 миллиард теңгені құраса, биылғы болжам бойынша жалпы өнім көлемі 350 миллиард теңгені құрауы керек. Өңір басшысы шаруалардың еңбегінің бүкіл облыс  үшін маңызды екенін атап өтіп, қазіргі кезде фермерлер өз өнімдерін  өңдеумен айналысу қажеттігін еске салды.

 

- Ауыл шаруашылығы шикізаттық түрде қалмауы керек, - деді ол. – Шаруалардың бұрынғыдай мемлекеттің қолдауына сеніп отыруына болмайды. Болашақта басымдық өз өнімдерін өңдеумен айналысып, жоғары технологиялық өндіріс енгізетін кәсіпорындарға берілетін болады. Бүкіл әлем елдерінде АӨК осы көрсеткіштер бойынша бағаланады.

 

Тереңкөл ауданында Павлодар облысының әкімі «Құндыз» шаруа қожалығының көкөніс қоймасын қарап көрді Кәсіпорын басшысы Игорь Щербак биыл жергілікті шаруалар өте сапалы картоп өнімдерін алғанын айтты. Жүгерінің шығымы да көңіл қуантады.

 

- Сонымен бірге, біз өңдеуші кәсіпорындар қуана сатып алатын «Девятка» сұрыпты қарақұмық  өсіреміз, - деді Игорь Щербак өз жұмысының нәтижелері туралы. – Биыл біз қарақұмық алқаптарына 1,2 мың гектар жер бөлдік. Қарақұмықты орып, енді оның кебуін күтіп отырмыз. Астық көлемі гектарынан 8-10 центнерді құрайды деп үміттенудеміз.

 

Айта кету керек, биыл Павлодар облысында қарақұмықтың егіс алаңдары 53 мың гектардан асып түсті. Бұл көрсеткіш еліміздегі барлық қарақұмық егістіктерінің жартысынан көбін құрайды. Астықтың орташа өнімділік гектарынан 8,1 центнерді құраса, өңірде 43 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр. Бұл Қазақстанда биыл алатын қарақұмық көлемінің шамамен 55%-ы.

 

«Александр» шаруа қожалығының аумағында Әбілқайыр Сқақов Тереңкөл ауданының басқа да ірі фермерлерімен кездесті. Олардың көпшілігі тек майлы дақылдарды қалдырып, егін жинауды аяқтаған. Қазір олар алдағы қысқа дайындалып жатыр. Өңір басшысы қыс мезгілінде мал өсірушілерді қолдау үшін Павлодар облысында жем-шөп бойынша субсидиялау тетігі қайта қаралғанын атап өтті. Биыл жергілікті сүт өндірушілер субсидия ретінде бір миллиард теңгенің қаржысын алды. Тағы 500 миллион теңге шағын фермерлік және шаруа қожалықтарына бөлініп берілді.

 

- Өңірімізде жұмыс істейтін мыңға жуық шаруалар бұл субсидияларды алуына болады, - деп атап өтті әкім. – Ірі қара мал өсіретін шаруашылықтар орта есеппен бір бас малға 10 мың теңгедей субсидия алса, қой өсіретін шаруаларға бір қой үшін 3 мың теңгеден беріледі. Бұл жем-шөптің бағасын орташа есеппен 20%-ан 45%-ға дейін арзандатуға қатысты.

 

Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша Павлодар облысында субсидиялау үшін тиісті ережелер қабылданды. Оларды бекіткен соң шаруалар мемлекеттің қолдауына ие болады. Аймақ басшысы жергілікті басшыларға бұл мүмкіндік туралы фермерлерге дер кезінде хабарлауды тапсырды.       

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев