Жаяу жүргіншілер өтпе жолдарын жарықтандыру және автомагистральдарге техникалық қызмет көрсету: Павлодар облысында жол-көлік оқиғаларын қалай азайтуға болады

Жаяу жүргіншілер өтпе жолдарын жарықтандыру және автомагистральдарге техникалық қызмет көрсету: Павлодар облысында жол-көлік оқиғаларын қалай азайтуға болады

2015 жылы облыс аумағында 1021 жол-көлік оқиғасы орын алса, өткен жылы 705 апат тіркелген. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында Павлодар облысының жолдары мен көшелеріндегі апат қауіптерін төмендету жолдары талқыланды.

 

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының жалпы санының азаюына қарамастан, кейбір қалалар мен аудандарда жазатайым оқиғаларының саны артуда. Мәселен, Екібастұз қаласында ағымдағы жылдың тоғыз айында 109 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, былтыр 94 апат орын алған. Ақсу қаласында жол апаттарының саны тоғыздан 14-ке дейін өскен.

 

- Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі - жылдамдықты шамадан тыс асыру бойынша 124 дерек тіркелді, бұл көрсеткіш жол-көлік оқиғаларының жалпы санының 27,5%-ын құрайды, - деп түсіндірді Жасқайрат Қайыров. - Елді мекендерде алып жүруге болатын радиолокаторларды қолдануға тыйым салынғандықтан, автоматты режимде жұмыс істейтін стационарлық жылдамдық өлшегіштерін орнату қажет. Қазіргі уақытта  Павлодар қаласында орнатылған 37 стационарлық жүйенің тек 21-і ғана жұмыс істеп тұр. Павлодардағы жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын қадағалайтын автоматтандырылған жүйелердің санын көбейтіп, бұл жүйелерді Екібастұз және Ақсу қалаларында орнату қажет.

 

Полиция департаментінің мәліметі бойынша Павлодар облысының жолдарының тағы бір осал жері - жаяу жүргіншілер өткелдері. Өткелдерге жүргізілген сараптама өңірдегі 970 өтпе жолдардың 49-ы ғана бағдаршаммен, 20-сы ғана жарық шамдарымен, 75-і ғана стробоскоптармен жабдықталған. Бұл ретте жыл басынан бері қозғалысы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде 50 жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қаза тапқан және 87 адам жарақат алған. Бұған дейін тәртіп сақшылары Павлодар қаласындағы 12 қауіпті жол учаскесіне және Екібастұздың осыған ұқсас бес жеріне бағдаршам орнатуды ұсынған болатын. Екі жағдайда да қалалардың басшылығы жол қиылыстарын жобалауды бастап, жұмыстарды келесі жылы аяқтауға уәде берді.

 

- Біз жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін автокөлік жүргізушілерінің басымдығынан бас тартуымыз керек, - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.  - Ең алдымен, қолданыстағы бюджетке қарай облыс орталығында қауіпсіз инфрақұрылым құру қажет. Жалпы, әрбір жергілікті әкімдікте полиция бөлімдерімен бірлесіп көлік және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту жоспарларын осы жылдың соңына дейін және келесі жылға дейін бекіту керек.

 

Жұмыс кездесуінде қысқы уақытта қала сыртындағы жолдарды күтіп ұстау мәселесі де қаралды. Полиция департаментінің ақпараты бойынша  өткен қыста облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарда 71 апат орын алған. Бірақ, жолдарды күтіп ұстауға жауапты қызметтер бұдан сабақ алмағанға ұқсайды. Олар биылғы жылы жолдарды күтіп ұстауға қажетті  жеткілікті мөлшерде инертті заттармен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілмеген.

 

- Қолда бар арнайы техниканың 93 бірлігінің 24-і жөндеуді қажет етеді, - деді Жасқайрат Қайыров. - Біздің облыстың аумағында 1,6 мың шақырымнан астам республикалық жолдар бар және оларды дұрыс күтіп ұстау үшін 55 арнайы автокөлік қажет. Алайда, іс жүзінде мұндай техниканың тек 36 бірлігі бар болса, оның жетеуі істен шыққан.

 

Аймақ басшысы тәртіп сақшыларына жол қызметтерінің дайындығын ұдайы бақылауды және жолдарды қар басып, қозғалыс тоқтаған жағдайда қолайсыздық тудырған мердігерлер туралы тұрғындарға хабарлауды талап етті.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев