Павлодар облысында жыл соңына дейін ауылдық аймақтарда сапалы ауыз суға қолжетімділік деңгейі 94,3%-ға жеткізіледі

Павлодар облысында жыл соңына дейін ауылдық аймақтарда сапалы ауыз суға қолжетімділік деңгейі 94,3%-ға жеткізіледі

Облыстық әкімдікте  өткен аппарат кеңесінде су құбырларының құрылысы мен жергілікті су көздерін құрудағы жағдай талқыланды.

 

Жұмыс кездесуінде  алдымен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салханов баяндама жасады. Ол осы жылы бірден 34 ауылда орталықтандырылған су құбыры тартылып жатқанын атап өтті. Екі жүзден аз адам тұратын 32 елді мекенде кешенді блок модульдер құру туралы шешім қабылданған.   

 

- Осы жобаларды жүзеге асырған соң жылдың нәтижелері бойынша өңір ауылдарындағы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 94,3%-ы құрап, жоспар бойынша бекітілген 92,5%-ан асып түседі, - деп түсіндірді баяндамашы. - 2022 жылға республикалық бюджеттен 13 орталықтандырылған су құбырлары мен 9 кешенді блок модуль құру жобаларына қаржы бөлінді. Сумен қамтамасыз етудің 100 пайыздық көрсеткішіне қол жеткізу үшін 27 ауылда жергілікті сумен қамту көздерін құрып, тағы да 23 елді мекенде орталықтандырылған су желісін тарту қажет.   

 

Ержан Салханов проблемаларға да тоқталды. Баянауыл ауданында жүзеге асырылып жатқан бес бірдей сумен қамту жобаларында қиындықтар бар. Баянауыл ауданындағы бес бірдей жоба бойынша қиындықтар бар. Мәселен, Сұлужон, Майкөбе және Қызылшілік ауылдарындағы жұмыстар кесте бойынша белгіленген мерзімнен кешеуілдеп жатыр. Ертіс пен Тереңкөл аудандарындағы жағдай осыған ұқсас. Ал, Ақсу қаласының ауылдық аймағына жататын Еңбек ауылында 2019 жылы басталған жоба әлі де жүзеге асырылмаған. Жергілікті әкімдер бұл проблемаларды білетіндіктерін және оларды шешу үшін барлық күштерін жұмсап жатқандарын айтты.

 

- Барлық проблемалық нысандар бойынша тізбе жасап, қай кезде жобалаушылар, қай кезде мердігер құрылысшылар кінәлі болғанын, қай жағдайда басқа себептер  орын алғанын анықтау қажет, - деп тапсырды аймақ басшысы. – Кінәлілер анықталған соң регрессті тәртіппен келтірілген шығынды өтеу бойынша арыз талаптар қою қажет. Басшылар ары қарайғы жұмысында да бұл механизмді қолданулары керек.

 

Сонымен бірге, облыс әкімі жаңадан іске қосылған және жөндеуден өткен су құбырларын дұрыс пайдалану керектігін еске салды. Ол ауылдық жерлерде қажетті мамандардың тапшылығы мен қызмет көрсету сапасына айтылатын арыздар туралы еске салды. Сондықтан, аймақ басшысы бір айдың ішінде ауылдардағы су құбырлары желілерін эксплуатациялау сызбасын құрастырып, оған өңір бойынша бір оператор қызмет көрсететіндігін немесе қалалар мен аудандарда бұл мәселемен жеке айналысатын кәсіпорын болатындығын анықтауды тапсырды.

 

Аппарат кеңесінде ұлттық халық санағының қарқыны да сөз болды. Ұлттық статистика бюросының өңірлік департаментінің басшысы  Жакенов Жақан қазіргі таңда Павлодар облысының 282 мың тұрғыны сауалнаманы «онлайн» режимде толтырғанын хабарлады. Бұл өңір тұрғындарының 38%-ын құрайды.    

 

- Санақтың оффлайн режиміне көшкен бірінші қазаннан бастап 11-қазанға дейін 30,5 мың адам санақтан өтті, - деді баяндамашы. – Санақтан өтуге тиісті тұрғындардың 80%-ға жуығы үш қалада шғырланған. Оның ішінде, облыс орталығында - 48,4%, Екібастұзда - 20,3% және Ақсу қаласында – 9,3%. Орташа есептік деректер бойынша біз күн сайын Павлодарда 19,3 мың адамды, Екібастұзда 8,1 мың адамды, ал, Ақсуда 3,7 мың адамды санап шығуымыз керек.

 

Бұл жұмысты жүргізу үшін интервьюерлер жетіспейді. Сондықтан  санақшыларды ынталандыру туралы шешім қабылданған. Мәселен, Екібастұзда жеке тұрғын үй секторында санақ жүргізгені үшін қосымша төлемақы қарастырылды.

 

- Интервьюерлердің қоғамдық көлікте жүруіне, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ірі кәсіпорындармен қарым-қатынас орнатуға байланысты мәселелер қалалық және аудандық штабтарда қаралуы тиіс, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. – Енді біз халық санағы бойынша күнделікті мәлімет алып отырамыз. Сондықтан, ертеңнен бастап жағымды өзгерістерді көруіміз керек. Халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі. Бұл статистиканың аса маңызды құралы. Сондықтан оны сапалы өткізудің барлық мүмкіндіктерін қарастыру қажет.   

 

Сонымен бірге, аймақ басшысына Павлодардағы орталықтандырылған жылуға қосу жағдайы туралы да баяндалды. Он екінші қазандағы жағдай бойынша  төрт көп қабатты үй әлі де жылусыз қалып отыр. Облыс орталығының әкімі Асайын Байханов бұл үйлер жақын арада жылуға қосылады деп сендірді. Ішкі желілерінде ақаулар бар тағы 7-8 көпқабатты үйде жылу беруді реттеу қажет. Әбілқайыр Сқақов жақын арада қаланың жылумен қамту жүйесі қалыпты режимге көшуге тиіс екендігін атап өтіп, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев