Павлодар облысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен әлеуметтік нанның бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойылды

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен әлеуметтік нанның бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойылды

Келісімге өңірдің 99 аграрийі қол қойды. Олар ұн тарту кәсіпорындарына 14 мың тоннаға жуық бидайды белгіленген бағамен жеткізуге міндеттеме алды. Бұл шара әлеуметтік нанның бөлшек саудадағы құнын бір бөлкесінің бағасын 95 теңге деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

 

Меморандумды талқылау барысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев жалпы азық-түлік себетіндегі әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің үлесі кемінде 30%-ды құрауы тиіс екенін атап өтті. Павлодар облысының тұрғындарын әлеуметтік нанмен қамтамасыз ету үшін ай сайын 942 тонна ұн немесе 1256 тонна бидай қажет. Демек, жаңа өнім алғанға дейінгі өңірдің әлеуметтік астыққа деген қажеттілігі 13817 тоннаны құрайды.

 

- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бидайды ұн тарту кәсіпорындарына тоннасына 85 мың теңгеден жеткізетін болады. Олар өз кезегінде бірінші сұрыпты ұнды салмағы 550 грамм формалы нан шығаратын наубайханаларға 119 теңгеден сататын болады. Тұрақтандыру қорының серіктестері болып табылатын әлеуметтік дүкендер мен сауда нүктелеріне жол шығындарын ескере отырып, нанның бір бөлкесінің бағасы 93 теңгені құрайтын болалы. Бөлшек саудада әлеуметтік нанның бағасы 95 теңгені құрайды, - деп түсіндірді Нұрболат Мақашев.

 

Аграрийлер келісімнің шарттарын қолдап, өздеріне алған міндеттемелерді орындайтындарын айтты.

 

- Біз осы меморандумды толықтай қолдаймыз, - деді «Победа» ЖШС-ің басшысы Владимир Поляков. – Қазіргі кезде Павлодар облысының фермерлері үшін субсидия алуда қиындықтар жоқ. Өтінім берген соң, оларды бірден аламыз. Сондықтан біз қазіргі егіннің астығымен ұн тарту комбинаттарына көмектесуге дайынбыз. Бұл біз үшін қиындық тудырмайды.

 

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов ауыл шаруашылығы тауарлары өндірушілерге әлеуметтік жауапкершілігі үшін алғысын білдіріп, ешкім олардан бидайды тегін беруді сұрамайтынын еске салды. Әкімнің айтуынша, астықтың әрбір тоннасы ақшалай өтеледі.

 

- Аграрийлердің жұмысы оңай емес, біз мұны жақсы түсінеміз, - деп атап өтті ол. - Жергілікті өнімнің басты тұтынушылары – өңіріміздің тұрғындары, олар мемлекет пен экономиканың нақты секторының өзара іс-қимылының тиімділігін бағалайды. Бүгінгі жағдайда біздің ешқайсымыз осындай қарапайым қолдауды қажет ететін адамдар туралы ұмытпауымыз керек деп ойлаймын.

 

Өңір басшысы қайта өңдеу кәсіпорындарына әлеуметтік астық жеткізудің, бөлшек сауда желісінде әлеуметтік нан өндіру мен сатудың нақты схемаларын бекітуді тапсырды. Ол келісімге қол қойылғаннан кейін түпкілікті нәтижеге - Павлодар облысының халқын қолайлы бағадағы нанмен қамтамасыз етуге қол жеткізу маңызды екенін атап өтті.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев