Павлодар облысында келесі жылы масамен күреске дайындық жұмыстары басталды

Павлодар облысында келесі жылы масамен күреске дайындық жұмыстары басталды

18-қыркүйектен бастап өңірде «Таза жағалау» айлығы басталды. Суқоймалардың жағасында қансорғыш жәндіктер үшін таптырмас көбею  алаңы болып табылатын суға құлаған ағаштар мен бұталардан тазалау жүріп жатыр.  Дезинсекциялық кампанияның нәтижелері мен шыбын-шкіркеймен күрес жөнінегі жоспарлар облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде талқыланды.

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева облыс аумағында масаға қарсы улау жұмыстары 1 мамырдан бастап 10 шілдеге дейін өткенін еске салды. Жұмыс барысында ғылыми топтың ұсынымдары ескерілді. Мамандар Ертіс өзенінің арнасына бір рет алдын алу және екі рет нақты улау бойынша биопрепаратты төгу жұмыстарын жүргізіп, облыс орталығында аумағы 40 гектарды құрайтын жайылма мен алаңдарды препаратпен өңдеді.

- Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулердің әдеттегіден 11 күн кеш өтуіне және ауа температурасының бір аптаның ішінде 25 градусқа дейін күрт жылынуы жәндіктердің дернәсілдерін көптеп шығаруына мүмкіндік берді, - деп атап өтті Әйгерім Қабылтаева. – Сол кезде жүргізілген өңдеу жұмыстарының тиімділігі 80%-ан аз болды. Сондықтан, ғылыми топтың ұсынымдары бойынша күн сайын құрамында үш бірдей белсенді заттары бар «Phobi» химиялық препаратпен барьерлік өңдеулер жүргізілді.   Бұл препарат оған дейін пайдаланылмаған еді. Авиаөңдеуді күшейту үшін қосымша екі дельтаұшақ пайдаланылды.

Аймақ басшысы Әбілқйыр Сқақов өткен жылдың тәжірибесін ескеріп, өзен арнасында масаның пайда болуына едәуір әсер ететін көктемгі су жіберу мерзімдерін алдын ала келісуді тапсырды. Ол ведомствоаралық комиссияның осы мәселе бойынша отырыс өткізуін күтпестен павлодарлық мамандардың ұсыныстарын енгізуді талап етті.

- Бұл жұмыстарды табиғатты қорғау мақсатында су жіберудің көлемі мен кезеңдері бойынша шешім қабылдаудан бұрын жасау керек, - деді әкім. – Сонда ғана жоғарыдан үлкен су келген кезде облыста жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесін көреміз.   

Атап өту керек, өңірде шыбын-шіркеймен күреске қазірден дайындалып жатыр. 18 қыркүйек-18 қазан аралығында облыста «Таза жағалау» айлығы өтеді. Айлықтың мақсаты өзен-көлдердің жағалауларын суға құлаған ағаштардан тазалау болып табылады. Бүгінгі таңда мердігерлер мен еріктілер 78 учаскені аралап, 137 тонна ағаш пен бұта қалдықтарын жинаған.

- Жинауға қиын орындарға назар аударыңыздар, - деді аймақ басшысы. – Мердігерлермен келісімшарт жасаған кезде оларды тазалау қажеттігін көрсету керек.

Әбілқайыр Сқақов аудан әкімдеріне де масамен күреске дайын болуды тапсырды. Ғылыми топтың өкілдері ауылдық жерлердің біразында масаға қарсы тиімді препарат қолданылмағанын, ал, кей жерлерде өңдеу жұмыстары жиірек жүргізілмегенін атап өтті. Сондықтан, жергілікті билік қансорғыш жәндіктерді жою үшін жеткілікті қаражат бөліп, бұл жұмыстарға ғалымдарды тартулары қажет.

Сонымен бірге, аппарат кеңесінде Павлодар облысындағы қала құрылысы саясатын жүзеге асыру талқыланды. «Нүктелі» құрылыс тәжрибесінен алшақтау үшін өңірде нақты жоспарлау жоспарларын (НЖЖ) құрастыру негізге алынады.  Павлодарда құрылыс салынған аумақ 12 мың гектардан асқанымен, олардың 41%-ы бойынша ғана НЖЖ бар.          

- Қазір «Спорт-сити» қалашығының нақты жоспарлау жоспарын құрастыру  және Мәшһүр Жүсіп көшесін реконструкциялау бойынша НЖЖ үшін қаржы бөлу жүріп жатыр, - деп хабарлады облыс орталығының әкімі  Асаин Байханов. – Сонымен бірге, бізде көппәтерлі үйлер салу үшін бірнеше массивтер бар. Олар: теміржол сапаржайының ауданы, Бекмаханов және Павлов көшелерінің қиылыстары, «Затон» шағын ауданы.

Облыс әкімі алдағы бір жарым жылға нақты жоспарлау жоспарларын бекітуді аяқтауды тапсырды. Оның пікірінше, сонда ғана үйлерді бейберекет салу проблемасы шешіліп, жеке алған шағын аудандағы үйлердің келбетінің қаланың сәулет бейнесіне сәйкестігін бақылауға болады. Аймақ басшысы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы инженерлік желілерді тездетіп инвентаризациялау қажеттігін еске салды. Бұл қалалардың билік басындағылар осы жұмысқа кіріскендерін айтып, оны жыл соңына дейін аяқтауға уәде берді.    

Сонымен бірге, жұмыс кездесуінде Әбілқайыр Сқақов үйлерге жылудың берілуі туралы тұрғындарға тұрақты түрде хабарлауды талап етті. Қазіргі кезде облыс орталығында 39 үй жылуға қосылмаған, Облыс әкімі жылумен қамтамасыз еутге қатысты әрбір шағым бойынша әрекет жасап, апатық бригадалардың саны мен дайындығын тексеруді тапсырды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев