Павлодар облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасын Ернұр Жәутікбаев басқарады

Павлодар облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасын Ернұр Жәутікбаев басқарады

Жаңа тағайындауға дейін Ернұр Жәутікбаев екі жылдан астам уақыт Павлодар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

 

 

 

Ернұр Жәутікбаев 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Инженер» мамандығы бойынша, ал, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Құқық» мамандығы бойынша аяқтаған.

 

 

 

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласының Алмалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы лауазымынан бастады. Үш жылдан астам уақыт ХҚКО жүйесінде қызмет етіп, Алматы қаласының Жетісу ауданы ХҚКО-ы директорының орынбасары қызметіне дейін көтерілді. 2011 жылы Медеу ауданы әкімінің аппаратына жұмысқа ауысып, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің бас маманы лауазымына тағайындалды. 2012 жылдан бастап Алматы қаласының аумақтық жер инспекциясының мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.

 

 

 

2014 жылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне ауысып, персоналды басқару қызметінің бас маманы болып қызмет етті. 2014-2016 жылдар аралығында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің кадрлық қызметінің бас сарапшысы болып қызмет етті. 2016-2018 жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кадрлық әлеуетті дамыту басқармасының басшысы болып еңбек етті. 2018-2019 жылдары осы министрліктің электронды өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары болды. 2019 жылдың сәуірінен бастап Павлодар ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 

 

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Суретті түсірген Нұрлан Алжабаев