Павлодар облысында Қарттар күніне орай берілетін төлемдер туралы

Павлодар облысында Қарттар күніне орай берілетін төлемдер туралы

Қазіргі таңда өңірде 117 мыңнан астам зейнеткер, оның ішінде 24 Ұлы Отан соғысының қатысушысы тұрып жатыр.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Ізгі істер марафоны» акциясының аясында «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өтіп жатыр. Акция шеңберінде қарт адамдарға (жалғыз басты және жалғыз тұратын, аз қамтылған) ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес, үкіметтік емес сектор өкілдерінің демеушілік қаражаты есебінен түрлі әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

 

Жыл сайын Қарттар күні қарсаңында зейнетақының төмен мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлерге 1,2 АЕК (3500 теңге) көлеміндегі материалдық көмек ала алады. Сонымне қатар, жасы сексеннен асқан адамдарға  2,9 АЕК (8459 теңге) мөлшерінде төлемдер беріледі. Жалпы алғанда Павлодар облысында 35,6 млн.теңгенің көлеміндегі материалдық көмектің осы түрлерімен тоғыз мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

 

«Қамқорлық» айлығын өткізу кезінде әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерімен халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 25 мыңнан астам азаматты, оның ішінде 10 мыңға жуық аға буын азаматтарын қамту жоспарланып отыр.

 

Павлодар облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы