Өткен жылдарға қарағанда жақсырақ: Железиндік аграрийлер жаңа астық туралы болжамдарымен бөлісті

Өткен жылдарға қарағанда жақсырақ: Железиндік аграрийлер жаңа астық туралы болжамдарымен бөлісті

Железин ауданына жұмыс сапары кезінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жергілікті диқандармен сөйлесті және «Ауыл -  Ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылуымен танысты.

 

Аймақ басшысы жұмыс сапарын аудан орталығынан бастады. Железинка ауылында ол алдымен  «У Салты» жол маңы қызмет көрсету кешеніне барды. Бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келе жатақан бекет ауыр жүк көліктерінің жргізушілерінің де, облыс орталығы мен ресейлік Омбы қаласының арасында жол жүретін жолаушыларының арасында да  аса танымал. Биыл кәсіпкерлерге кешен алдындағы 3,5 мың шаршы метр автотұрақты асфальттауға көмек көрсетілді.

 

- Тұрақты абаттандырған соң кешеніміздің бейнесі өзгерді, - деп атап өтті нысанның иесі Кукузова Салтанат. – Қазір біздің бекетте фуралардың жүргізушілері мен туристер көп тоқтайды, сондықтан, бұл қолдау біз үшін аса қажет болды.

 

Сонымен бірге, Әбілқайыр Сқаққов аудан орталығында Міржақып Дулатұлы атындағы №3 мектепте болды. Аймақ басшысы облыстық және республикалық байқауларда Железин ауданының атын шығарып жүрген дарынды оқушыларымен сұхбаттасып, оларға оқуда жетістіктерге жетуін тіледі.

 

- Оқушылардың көпшілігі үшін қашықтықтан оқу форматында өткен оқу жылы балалар мен ата-аналар, ұстаздар да білім алуға деген көзқарастарын өзгерту қажеттілігін көрсетті, - деді ол. – Біздің педагогтерге көп алғыс айтуымыз керек деп ойлаймын. Олардың еңбегі мен табандылығының арқасында әрбір бала болашақ өмірлеріне қажетті базалық білім алады.    

 

«КАБ» ЖШС-де әкімге картопты жинаудың алғашқы нәтижелері туралы айтылды. Суармалы егіншілікпен айналысатын кәсіпорынның егістіктеріндегі астық шығымдылығы қазіргі кезде гектарынан 450 центнер және одан да жоғары көлемді көрсетіп отыр. Биылғы жылы кәсіпкерлер картопты сақтау үшін сыйымдылығы 3 мың тоннаны құрайтын жаңа көкөніс қоймасын салып, қолда бар қоймалардың қуаттылғын 11 мың тоннаға дейін жеткізді.

 

- Біздің ауданның инвестициялық тартымдылығы аса жоғары, - дейді  «КАБ» ЖШС-ің жетекшісі Тимур Кабдулов. – Мемлекеттік көмектің арқасында даму мүмкіндігі бар. Келесі жылы тағы бір көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отырмыз.      

 

Әбілқайыр Сқақов субсидия түріндегі мемлекеттік қолдауға жауап ретінде аграрийлерді әлеуметік жауапкершілік танытып, өз өнімдерін өңірлік тұрақтандыру қорына тиімді бағамен тапсыруға шақырды. Бұл шара картоптың бағасы қымбаттайтын  маусымаралық кезеңде тауар интервенциясын жасауға мүмкіндік береді.

 

Қарақұмық өндірушілері де аймақ басшысына алғашқы нәтижелер туралы айтты. Фермерлер астық жинауды жаңа бастаса да, алғашқы кезден-ақ гектарынан кемінде 15-18 центнер алуда. Жем-шөп дайындайтын аграрийлер жайылымдарды суландыру проблемасы туралы айтты.  «Агростатус» ӘКК басшысы Аяз Теміршотовтың айтуынша, мемлекеттік қолдауға қарамастан Железин ауданында өз алқаптарын сумен қамтамасыз ету үшін су асты көзін табу өте қиын.

 

- Шаруалар бұл мәселемен жалғыз өздері айналыспауы тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі. - Бұл үшін геологтар мен мамандандырылған ұйымдар бар, олар судың дебетіне есеп бере алады. Жалпы, жайылымдарға келетін болсақ, өңірде шалғындандыру бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр. Көпжылдық шөптерді бұрын олар өспеген жерлерде өсіру керек. Біз осы пилоттық жоба үшін бірнеше елді мекенді таңдаймыз. Сонда  жем-шөп ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге де, жеке қосалқы шаруашылықтарға да жетеді.

 

Железиндік дәнді дақылдар өндірушілер де жақсы өнім күтуде. Мәселен, Новомир ауылдық округінде гектарынан кем дегенде 18 гектар алуда, бұрынғы жылдары астық шығымдылығы гектарынан 10,5 центнерден аспайтын. «Черепанов» шаруа қожалығының басшысы Георгий Черепанов мұндай табыстың кепілі кооперацияның жемісі екендігін айтты.  Қазіргі кезде кәсіпорын басқа үш қожалықпен әріптестік орнатқан.

 

- Биылғы астық өткен жылдарға қарағанда анағұрлым шығымды, - дейді шаруалар. – Әдетте біз дәнді дақылдарды 22 жұмыс күні ішінде жинайтынбыз. Қазір ауа райын қарап жұмыс істейміз, сонда да егістікке шыққанда түнгі сағат екіге дейін егін орамыз.

 

Церковное ауылында аймақ басшысына «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтылды. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша мұнда орталықтандырылған су желісі тартылып, оған ауылдағы барлық 170 үй қосылды.

 

- Біз кеңестік кезеңнен орталықтандырылған сусыз өмір сүрдік, - деді ауыл тұрғындары әкімге. – Әрбір демалыс сайын біз флягтарымызды, кастрөлдерімізді суға толтырып қоятынбыз. Қазір ондай проблема жоқ.

 

Ауылға су келген соң мұнда басқа проблемаларды шешуге көшті.  «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасының шеңберінде ауыл мектебінінң терезелері ауыстырылып, ауылішілік жолдар мен мәдениет үйі жөнделіп жатыр.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев