Успен ауданындағы 11 ауылдың тұрғындары толықтай коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды

Успен ауданындағы 11 ауылдың тұрғындары толықтай коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды

Вакцинациялау қарқыны бойынша Павлодар облысында көш бастап тұрған Успен ауданында 700-ден астам тұрғын екпе алып болған соң аудан ішінде COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасты деп айтуға болады.

 

Өңірдегі коронавирусқа қарсы күрес қалай жүріп жатқаны туралы КВИ-ге қарсы іс-қимыл жөніндегі штабтың кезекті отырысында сөз болды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арыстанова Сәуленің айтуынша қазіргі таңда Павлодар облысы бойынша вакцина препаратының бірінші компонентін 288 мың тұрғын, екінші компонентін 249 мыңнан астам тұрғын алған. Өңір бойынша иммунизациялауға жататын 7079 адамның 6365-і екпе алып үлгерген Успен ауданы көш бастап тұр. Ауданның 11 ауылында екпе алуға қарсы көрсетілімдері жоқ тұрғындардың бәрі екпе алған.

 

- Біз ауданның бүкіл аумағын секторларға бөліп, әрқайсысына жауапты тұлғаны тағайындадық, - деді Успен ауданының әкімі Николай Дычко жаппай вакцинацияға үгіттеу тәжірибесі туралы. – Біздің еріктілер ауыл тұрғындарына қоңырау шалып, жергілікті қауымдастық өкілдері жерлестеріне вакцина алу қажеттілігі туралы айтып берді. Ауыл округтерінің әкімдерінің WhatsApp-желісі арқылы хабарлама тарату да жақсы кері байланыс болды. 450 атаулы хабарлама жіберілгеннен кейін вакцинациялау пункттеріне 270 адам келді.

 

Успендіктердің тиімді тәжірибесін  «Ел үшін егілемін» азаматтық штабында да атап өтті. Штаб жетекшісі Исабеков Ризабек COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақыру кезінде үгіттеушілер оның қажеттілігін әр адамға жеткізуге тиіс екенін айтты.

 

- Екпе алғаны үшін берілетін сыйақы екпе пункітіне өз еркімен келуге тиіс адам үшін жай ғана бонус болуы керек, - деді ол. – Мұндай акцияларға сеніп отырмау керек. Әлеуметтік желілерде пікірлермен жұмыс істеп, электронды пошта арқылы хат жіберу қарқынын арттырып, вакцинация туралы сауалдарға тұшымды жауап беретін мамандармен вебинарлар жүргізу қажет. Әр адамға вакцинация туралы ойды көбірек жеткізу қажет.

 

Сонымен қатар, жиналыста Павлодар облысында «Ashyq» жүйесі  қаншалықты белсенді қолданылатыны да сөз болды. Анықталғандай, өңірде 386 жүйе қатысушысы болса, олардың ішінде соңғы екі аптада бір де чекин болмаған. Олардың қатарында білім беру ұйымдары, пошта бөлімшелері, полиция бөлімдері және басқа да ұйымдар бар. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов жағдайды түзетуді тапсырды.

 

- Біз күткен жағдай орын алды: кіре берісте QR-код бола тұра, ешкім адамдардың код бойынша өтуін қадағаламайды, - деді облыс әкімі. – Мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде «Ashyq» қосымшасын қолдануға жауаптыларды бекіту қажет.

  

Атап өту керек, алдағы уақыта кәсіпорындарда вакциналацияланбаған қызметкерлерді анықтайтын мониторингтік топтардың рейдтері кезінде бұл жүйенің пайдаланылуына жағдай жасайды. Тексерушілер жұмыскерлердің тізімдерін «Ashyq» қосымшасы бойынша сәйкестендіреді. «Жасыл» статусы жоқ қызметкерлерден жұмыс орнында вакцинациясыз болуға рұқсат беретін ақпарат сұралады. Барлық бұзушылықтар санитарлық-эпидемиологиялық органдарға тапсырылады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев