Павлодарское ауылында «онлайн» режимінде халық санағынан өткен әрбір жүзінші адамға сыйақы беріледі

Павлодарское ауылында «онлайн» режимінде халық санағынан өткен әрбір жүзінші адамға сыйақы беріледі

Ауыл тұрғындарын ұлттық санақ науқанына қатысуға ынталандыру үшін  жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен осындай акция басталды.

 

«Онлайн-санақтан өт - 10000 теңге ал!» деген хабарландыру Павлодарское ауылы әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды. Интернет арқылы санақ парақтарын толтырған әрбір жүзінші адамға кепілдендірілген сыйақы беріледі. Акцияға санақ парағын өздігімен  немесе жергілікті дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде және кітапханада кеңесшілердің көмегімен толтырған Павлодарское ауылының тұрғындары ғана қатыса алады.

 

- Есептеу дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде және кітапханада жүргізіледі. Санақты өздігімен өткен тұрғындар WhatsApp арқылы санақтың өткені туралы хабарламаны +77053401514 нөміріне жолдаулары қажет. Акцияның барысы мен нәтижелері туралы Павлодар ауылы әкімдігінің Instagram-ғы @akimat_selo_pavlodarskoe парақшасында танысуға болады, - делінген хабарламада.

 

16 қыркүйектегі жағдай бойынша Павлодар облысының 160 мыңнан астам тұрғыны онлайн режимде халық санағынан өтті. Естеріңізге сала кетейік, санақ парақтарын  www.sanaq.gov.kzwww.egov.kz  сайттарында және Aitu мобильді қосымшасында 15 қазанға дейін толтыруға болады.

 

Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті