Николай Гогольдің пьесасының қойылымы Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының сахнасында өтті. Театрдың 33-ші маусымы премьерамен ашылды.
«Ревизор» комедиясы қазақ музыкалы драма театрында тұңғыш рет сахналанды. Пьесаның қойылымын театрдың бас режиссері Әділет Ақанов әзірледі.
Екі сағат бойы театр труппасы көрермендерді сахна костюмдерімен, декорациялармен және диалогтық сұхбаттармен таң қалдырды. Театр актерлерінің нұсқасындағы «Ревизор» адамға тән парақорлық пен алаяқтық тәрізді жағымсыз сипаттарды әшкерелейді. Режиссер мен актерлер тобы спектакль арқылы күлкінің көмегімен көрермендерді аталған жағымсыз сипаттар туралы ойланып, олармен күресуге шақырды.
Премьера Аймауытов театрының 33-ші маусымын ашып берді. Театрдың жұмыс кестесі және репертуарымен www.teatrpavlodar.kz сайтынан білуге болады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев