Павлодар облысының әкімдігі мен Satbayev University ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

Павлодар облысының әкімдігі мен Satbayev University ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

Тараптар кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, оқу-әдістемелік кешендерді бірлесіп әзірлеу және басып шығару, сонымен бірге, университеттің зерттеулерін ілгерілету және іске асыру туралы келісімге келді.

 

Келісімге университет делегациясының Павлодарға жұмыс сапары кезінде қол қойылды. Құжат кадрлардың біліктілігін және қайта даярлау деңгейін арттыру бағдарламаларын, қосдипломды білім беруді ұйымдастыру және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, университеттің технологиялары мен зерттеулерінің нәтижелерін ілгерілету, оларды Павлодар облысында жүзеге асыру және басқа да тәсілдер арқылы бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлау деңгейін көтеруге қолайлы жағдай жасауды көздейді.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Әлібек Дженалинов