Әбілқайыр Сқақов «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жаңғыртылып жатқан мектептерге барды

Әбілқайыр Сқақов «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жаңғыртылып жатқан мектептерге барды

Өңір басшысы Павлодар қаласының № 7 және № 1 мектептерінде болып, мердігерлерден оқу жылы басталғанға дейін жоспарланған жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етті.

 

Павлодардың оқу орындарын жаңғырту жобасы өткен жылы іске қосылды. Оның мақсаты – мектепті балалар үшін жайлы және тартымды орынға айналдыру.

 

Осы құрылыс маусымының басталуымен № 7 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды, онда 500-ден астам бала оқиды. Мердігерлер оқу орнының аумағын абаттандыру бойынша да жұмыстар  жүргізуде, қасбеттік бөлігін өзгертуде және ғимараттың ішкі әрлеуін жаңартуда. Алайда, мектеп басшылығы құрылыс қарқынына наразылық білдіруде - әртүрлі учаскелерде жұмыс күші жеткіліксіз.

 

- Бұл нысан 1 қыркүйекке дейін 100% дайын болуы керек, - деді құрылысшыларға Әбілқайыр Сқақов. - Оқу жылы дәстүрлі түрде басталады, егер мектептің дайындығын қамтамасыз етпесе, оқу оқитын орын болмайды. Бұған жол беруге болмайды.

 

Өңір басшысы мектеп аумағында орналасқан футбол алаңының сапасын тексерді. Оның жасанды жабынның сапасына күмәні депутаттық комиссияның өкілдері растады. Соңғы үкімді арнайы сараптама береді. Әкім құрылыс жұмыстарын қабылдауға мектептің қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар қауымдастығын тартуды тапсырды.

 

Әбілқайыр Сқақов № 1 мектепте күрделі жөндеудің аралық қорытындысын бағалады. Мұнда да ішкі үй-жайлар толығымен жаңғыртылып, жаңа спорт алаңдары орнатылуда. Осы оқу орнында да құрылысшылардың жетіспеушілік мәселесі көтерілді.

 

- Құрылыс, қала құрылысын бақылау, білім беру және техникалық қадағалау басқармалары өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құру қажет, олар күн сайын мердігерлердің жұмысын бақылайтын болады, - деп мәлімдеді өңір басшысы. - Күн сайын мектеп ішінде және оқу орнының аумағында қанша адам жұмыс істейтіні туралы есеп жасаңыз және оны маған ұсыныңыз.

 

Облыс әкімі Павлодардың басқа да құрылыс учаскелерінде болды. «Сарыарқа» шағын ауданында 650 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Мердігерлер жұмысты мерзімінен бұрын аяқтауда, алайда жұмыс қарқынына жаңа оқу орны үшін жылу желілерін ауыстыруға мүмкіндік бермейтін ескі қамыстан жасалған екі үй әсер етуі мүмкін. Бұл мәселені қалалық әкімдік шешетін болады.

 

Щедрин көшесінде Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің оқушыларына арналған 200 орындық жатақхана құрылысы басталды. Тұрғын үй кешені оқу орнынан бірнеше шақырым жерде орналасады, өйткені қолайлы учаскені табу мүмкін болмады. Әбілқайыр Сқақов колледж бұрыннан осындай жатақханаға мұқтаж болғанын, сондықтан оның салыну сапасы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Валерий Бугаев